Page 45 -
P. 45

Көң, шымтезек, компост пен қарашірік (өсімдіктердің ыдырап жатқан қалдықтары)
          органикалық тыңайтқыштарға мысал болып табылады.
             Минералды тыңайтқыштар құрамында өсімдіктерге қажетті қоректену элементтері бар
          бейорганикалық қосылыстар болып табылады. Оларға азот (аммиак селитрасы, несепнәр),
          фосфор (суперфосфат, сүйек ұны), калий (күл, хлорлы калий, калий сульфаты) қосылыстары
                  textbooks nis edu kz
          жатады.
             Өсімдіктің өсуі кезіндегі тыңайтқыштарды енгізу үстеме қоректендіру деп аталады.


           Химиялық                                                                      Тыңайтқыштардың
             элемент     Өсімдік ағзасына жалпы әсері      Жетіспеушілік белгілері          мысалдары

                                                        Бүйір өркендері түзілуінің
                        Өсімдіктердің сабақтары,        баяулауы, жапырақтар,           Аммиак селитрасы
                        жапырақтарының өсуі мен         сабақтар мен жемістері
           Азот
                        жемістердің түзілуін реттеуге   мөлшерінің кішіреюі.
                        қатысады.                       Жапырақтары өңсіз жасыл
                                                        немесе сары түске айналады.

                                                        Өсімдіктің өсуінің тежелуі.
                        Өсімдіктердің тамыр жүйесінің   Өркендерінің қысқа және            Суперфосфат
                        өсуін күшейтеді. Жемістердің    жіңішке болуы. Жапырақтары
                        түзілуіне жағдай жасайды.       ұсақ, уақытынан бұрын
           Фосфор
                        Өсімдіктің қолайсыз             түсуі. Жапырақтарының түсі
                        жағдайларға төзімділігін        қою жасыл. Құрғап қалған
                        арттырады.                      жапырақтарының түсі күңгірт,
                                                        қара түске жақын болуы.

                        Өсімдіктердің стреске төзімділі-                                   Хлорлы калий
                        гін қамтамасыз етеді.           Бүкіл өсімдік пен оның
                        Көпжылдық өсімдіктердің
           Калий        қысқа төзімділігіне жағдай жа-  бөліктерінің (гүлшанақтар
                                                        немесе гүлшоғыр
                        сайды. Саңырауқұлақтар және     бастамалары) өсуінің тежелуі.
                        бактериялар тудыратын ауру-
                        ларға төзімділігін арттырады.


           Өзіңді тексер

           1.  Өсімдік тіршілігінде топырақтық қоректену қандай
               рөл атқарады?
           2.  Өсімдіктің органикалық заттарының түзілуіне тамыр
               қалай қатысады?
           3.  Суретте азоттың өсімдікке әсерінің екі мысалы көр-
               сетілген. Берілген элементтің жетіспеушілігі мен ар-
               тық мөлшерінің салдарын түсіндір. Неліктен мине-
               ралды тыңайтқыштарды дәлме-дәл мөлшерімен
                                                                Азоттың жетіспеушілігі  Азоттың артық
               енгізу керек?
                                                                жағдайындағы          мөлшері жағдайындағы
                                                                қияр жапырағы         темекі өсімдігі
          Күрделілігі жоғары тапсырма     Белгілі бір элементтердің жетіспеушілігі өсімдіктің тіршілік әрекетінің бұ-

          зылуына және өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Минералды тыңайтқыштарды артық мөлшерде пайдалану
          салдары ең алдымен өсімдік үшін, сонымен қатар осындай өсімдіктерді азыққа пайдаланатын адам үшін
          қандай болуы мүмкін?


                                                                                                         45
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50