Page 46 -
P. 46
4.5 Мен – агрономмын
Құнарлы жер – табиғаттың, тіршілік көзінің басты ресурс-
тарының бірі. Біздің заманымызда Жердің топырақтық қа- Статистикалық
textbooks nis edu kz
зерттеулер қазіргі
батын зерттеу мен пайдалануға қатысты көптеген әртүрлі уақытта жарты
мамандықтар пайда болды. Осы кәсіптердің бірі – агроном. миллиардқа жуық
«Агроном» сөзі гректің «агрос» – егістік және «номос» – заң адамның ашаршылыққа
деген екі сөзінен шыққан. Агроном – ауыл шаруашылығы ұшырап, бір миллиардтай
өсімдіктерін өсіру саласындағы жан-жақты білімі бар егін адамның толық
тамақтанбайтынын
шаруашылығы саласындағы маман. Ұзақ уақыт бойы бұл тек көрсетіп отыр. Мұндай
қана ауыл шаруашылығына қатысты мамандық болып са- жағдайға жеткізген
налды. Алайда, қазіргі кезде агроном жан-жақты білімге ие, себептердің бірі – ауыл
кәсіби дағдыларды жақсы меңгерген маман болуы тиіс. шаруашылығы жерлері
өнімділігінің төмендеуі.
Осы мәселені шешудің
Агрономның кәсіби дағдылары: қандай жолдарын
ұсына аласың?
топырақ түрлерін жете білу дағдысы
мәдени өсімдіктердің өсу және даму ерекшеліктерін білу
жаратылыстану ғылымдары саласын терең игеру
ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс қағидаларын
түсіну
зертханалық зерттеулер негізін білу
Агроном мына жерлерде жұмыс істей алады:
- фермер қожалығында;
- ғылыми-зерттеу институттарында;
- зертханаларда.
Агроном – бұл болашақтың маманы!
Соңғы уақыттарда гендік өзгертілген (модификация-
ланған) ағзалар мен өнімдердің (ГМА) пайда болуы өзекті
мәселеге айналып отыр. Бастапқыда ғалымдар шығындар-
дың төмен деңгейі жағдайында өсе алатын және жоғары
өнім бере алатын өсімдіктерді алғысы келді. Осындай тәсіл-
деме Жер шарындағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз
ету мәселесін шешуге мүмкіндік берер еді. Бірақ қазіргі
уақытта ГМА-ның адам денсаулығына пайдасы мен зияны
туралы ғалымдардың қөзқарастары әртүрлі. Сондықтан пай-
даланылатын жерлерді тиімді игеру мәселесі өз өзектілігін
жоғалтпаған. Ал агрономның кәсіби біліміне сұраныс артып
келеді.
46

