Page 39 -
P. 39
Өсімдік жапырағы эпидермисінің төменгі немесе жоғары
жағында лептесіктер орналасады, олар арқылы судың бу-
лануы мен қоршаған ортамен газ алмасу жүзеге асады. Әр
лептесік жанаспалы жасушалар жұбынан және лептесік
саңылауынан тұрады.
textbooks nis edu kz
Зерттеу Су тамшысында традесканция жапырағы қабықшасының
уақытша микропрепаратын дайында. Микроскоппен барынша ұлғайтып, Микроскоппен қарағандағы
жабын ұлпасының түссіз жасушаларын мұқият қара. Лептесіктерін тап. қазтамақ жапырағының
Олардың құрылысын зертте. Микроскопқа көрініп тұрған лептесіктердің эпидермисі
санын анықта. Эпидермис бетінен талшықтарды тауып, оларды қарастыр.
3-тапсырма Жанаспалы жасушалар өз пішінін өзгерту қасиетіне ие. Осы қасиетіне байланысты лептесік
саңылауының ашылуы мен жабылуы жүзеге асады. Бұл үдерістің жүруін сызба түрінде көрсет. Оған сипат-
тама бер.
Мезофилл – жапырақтың негізгі ұлпасы
Жапырақтың ішкі бөлігі – бұл негізгі ұлпадан түзілген жапырақтың мезофилі (жұмсағы).
Мезофил әртүрлі пішінді жасушалардан тұрады, олардың негізгі ерекшелігі – құрамында
хлорофилл пигменті бар хлоропластардың жоғары санының болуы. Атап айтқанда, бұл
бүкіл жапыраққа жасыл түс береді. Жапырақтың үстіңгі қабықшасына жанасқан жасушала-
ры созылған және тігінен орналасқан, бұл – бағаналы ұлпа. Бағаналы ұлпа қабаттарының
саны Күн сәулесінің қарқындылығына тікелей байланысты. Бағаналы ұлпаның астында
борпылдақ ұлпа орналасады, жасушаларының аралары бос және олардың арасында
ауаға толы ірі жасушааралық кеңістіктер түзіледі. Негізгі ұлпаның жасушааралықтарында
жасушалардан келетін су буы жиналады. Осылайша, жапырақ мезофилі фотосинтез, газ
алмасу мен транспирация үдерістерінде негізгі рөл атқарады.
4-тапсырма Жапырақтың ішінде заттардың тасымалы жүзеге асады. Заттар ерітінділері өсімдік мүшелері
арасында тасымалданады. Осы үдерісте жапырақтың қай құрылымдары қатысатыны туралы ойланып, жауап
бер. Олар қай ұлпалардан түзілген?
Жапырақ жүйкелері өсімдік ұлпаларының бірнеше түрінен тұратын күрделі кешен
болып табылады. Олар өткізгіш ұлпалар – флоэма мен ксилемадан құралған. Жүйкелер
құрамындағы механикалық ұлпалар талшықтардан құралған.
Өзіңді тексер
1. Жапырақтың негізгі қызметін ата.
2. Жапырақтың сыртқы құрылысын атап шық. Жапырақ тақтасының иілгіштігін қамтамасыз ететін оның
құрамбөліктерін анықта.
3. Жапырақ ішінде заттардың тасымалдануы қалай жүзеге асатынын сипатта.
4. Неліктен көлеңкеге төзімді өсімдіктерге қарағанда жарықсүйгіш өсімдіктердің бағаналы ұлпалары
жақсы дамығанын түсіндір.
Күрделілігі жоғары тапсырма Өз мектебіңнің немесе өз сыныбыңның көгалдануында қолданылатын
бөлме өсімдіктеріне зерттеу жүргіз. Олардың өз отанында қандай жағдайларда өсетінін анықтауға тырыс.
Қандай белгілері бойынша қорытынды шығардың?
39

