Page 50 -
P. 50

5.1   Жануарлардың қанайналым жүйесінің түрлері



            Қанайналым жүйесінің маңызы
                                                                                  Жарақат алған адам ішкі мү-
                  textbooks nis edu kz
                Мөлшері кіші ағзаларда (мысалы, амеба, гидра) заттар-             шелері зақымданбаса да, қан
            дың тасымалы диффузия арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ағза                 жоғалту салдарынан қайтыс
            мөлшерінің үлкеюі мен дене құрылымының күрделенуіне                   болуы мүмкін. Адам ағзасын-
                                                                                  дағы қанның рөлі туралы ой-
            байланысты заттардың тасымалдану қашықтығы артады.                    лан.
            Осыған байланысты сұйық ағынмен тасымалданатын арнайы
            тасымалдау жүйесіне қажеттілік бар. Осылайша, эволюция
            үдерісінде тірі ағзаларда қанайналым жүйесі пайда болды.
                Қанайналым жүйесі – қанайналымына қатысатын мү-
            шелер (жүрек және қан тамырлары) тобы. Қанның қан
            тамырлары арқылы қозғалуы қанайналым деп аталады. Бұл
            қозғалыс жүректің ырғақты жұмысына байланысты.
            Қанайналым жүйесі қандай қызметтер атқарады?


             Нені тасымалдайды   Қайда тасымалдайды                               Тірек сөздер
             Оттек               Тыныс алу үшін өкпеден дене жасушаларына         Қанайналым  жүйесі,  жүрек,
                                 дейін                                            қан тамырлары, қанайналым,
             Көмірқышқыл газы    Бөліп шығару үшін дене жасушаларынан             қанайналым мүшелері, тұ йық/
                                 өкпеге дейін                                     ашық  қанайналым  жүйесі,
             Қоректік заттар     Асқорыту жолынан барлық дене                     қанай налымның  кіші/үлкен
                                 жасушаларына дейін                               шеңберлері.
             Зат алмасу өнімдері Бөліп шығару үшін барлық дене
                                 жасушаларынан бүйрекке дейін

                Адамның қанайналым жүйесі басқа да бірқатар қызметтерді атқарады. Тұтас ағзаның
            жасушалары мен мүшелерінің арасында байланыс орнатады, соның ішінде гормондарды
            тасымалдайды (гуморальды реттеу), гомеостазды қамтамасыз етеді, иммунитетті (жұқпалар
            мен бөгде денелерден) қорғайды, қан жоғалтудан сақтайды, жылуды реттеуге қатысады.
             1-тапсырма   Айнамен өз тіліңнің астыңғы бетін қара. Тілдің астында қан тамыр-
            ларының орналасуына көңіл аудар. Олардың саны туралы не айтуға болады?
            Медицинада неліктен көптеген дәрі-дәрмектерді тілдің астына салатыны туралы
            ойлан. Бұл немен байланысты екенін түсіндір.

            Қанайналым жүйесінің түрлері

                Тұйық қанайналым жүйесінде қан тек қан тамырлары арқылы ағады, дене жасуша-
            лары мен қан арасындағы зат алмасу қан тамырының қабырғалары арқылы жүзеге асады.
            Эволюция барысында тұйық қанайналым жүйесі алғаш рет шұбалшаңда, ал өз дамуының
            шыңында құстар мен сүтқоректілерде пайда болады.
                Ашық қанайналым жүйесі – қан тамырларынан қан дене қуысына құйылады және
            қайтадан қан тамырларына қайтарылады. Мысалы, жәндіктердің қанайналым жүйесі. Ол қо-
            ректік заттарды мүшелерге тасымалдауға және қалдық өнімдерін шығаруға арналған (осы
            жануарларда газ алмасу кеңірдек арқылы жүзеге асырылатынын еске түсір).



              50
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55