Page 51 -
P. 51
textbooks nis edu kz
Ашық қанайналым жүйесі Тұйық қанайналым жүйесі
2-тапсырма Ашық және тұйық қанайналым жүйелерін салыстыр. Әрқайсысының артықшылықтары мен
кемшіліктерін атап шық. Қайсысы эволюциялық жақтан прогрессивті деп ойлайсың? Мысалдар келтір.
Қанайналым шеңберлері
Балықтарда қан денені толық бір айналып, жүрек арқылы бір рет өтеді, сондықтан
оларда бір қанайналым шеңбері болады.
Қосмекенділерде, жорғалаушыларда, құстарда және сүтқоректілерде қанайналым жүйе-
сінің одан әрі күрделенуі орын алған: екі қанайналым шеңбері пайда болған. Үлкен қан-
айналым шеңбері арқылы артериялық қан оттек пен қоректік заттарды жүректен барлық
ішкі мүшелерге апарып, көмірқышқыл газымен және зат алмасудың соңғы өнімдерімен
(вена қаны) қанығады. Вена қаны (оттексіз) жүрекке, одан әрі оттекпен қанығу үшін өкпеге
жеткізіледі (кіші қанайналым шеңбері).
Балықтар Қосмекенділер Жорғалаушылар Құстар Сүтқоректілер
Оң жақ
Жүрекше Сол жақ қарынша
жүрекше Қарынша
Қарынша
Қарынша Қарынша пердесі Сол жақ
қарынша
Желбезектер Ұлпалар мен
мүшелер Өкпе
Өкпе Өкпе Ұлпалар мен
және тері мүшелер
Ұлпалар мен мүшелер Ұлпалар мен мүшелер
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің эволюциясы
3-тапсырма Ойлан, жер бетінде тіршілік ететін ағзалардың қандай мүшелерінің пайда болуы екі қанайналым
шеңберінің пайда болуымен байланысты? Ағзадағы оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау үдерісінде
өзара тығыз әрекеттесетін мүшелер жүйелерін ата.
Өзіңді тексер
1. Ағзадағы қай жүйені тасымалдаушы деп атайды? Өз жауабыңды мысалдармен дәлелде.
2. Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі құрылымын салыстыр. Әрбір жүйенің артықшылықтары
мен кемшіліктерін бағала.
Күрделілігі жоғары тапсырма Ұлулардың қанайналым жүйесі құрылымының ерекшеліктері туралы та-
ныстырылым дайында.
51

