Page 52 -
P. 52
5.2 Жүректің құрылысы
1-тапсырма Адам ағзасында барлық сүтқоректілердегі сияқты екі Алақаныңмен екі құлағыңды
қанайналым шеңбері бар екенін білесің. Ағзамыздағы қан қозғалысы жап және тыңда. Ақырында-
textbooks nis edu kz
қалай жүреді? Қанайналым шеңберлері қызметтері өзара қалай байла- тылған, ырғақты соққыны
нысқанын ауызша сипатта. естисің. Бұл дененің «тірі
сорғы» деп аталатын мү-
Капиллярлар
шесі. Не туралы айтылған?
Өкпе артериясы Өкпе венасы
Кіші шеңбер
Қуысты веналар Қолқа
Сол жақ жүрекше
Оң жақ жүрекше Сол жақ қарынша
Оң жақ қарынша Артериялар
Веналар Үлкен шеңбер
Тірек сөздер
O көп, CO аз
2 2 Газ алмасу жүретін ағза Жүрек, кардиомиоциттер,
О аз, СО көп
2 2 ұлпаларының капиллярлары эпикард, миокард, эндокард,
перде, жүрекше, қарынша,
Адам қанайналымының үлкен және кіші шеңберлері жақтаулы/жарты ай тәрізді
қақпақшалар, қосжақтаулы/
2-тапсырма Артериялар мен веналар арасында қандай айырмашылық үшжақтаулы қақпақшалар,
бар? Адамның өкпе венасымен қандай қан жүреді? Веналардың бойы- қолқа, өкпе артериясы, жүрек
мен тек вена қаны жүреді деген тұжырым не себепті дұрыс емес? бұлшықет ұлпасы, перикард.
Адам жүрегінің құрылысы
Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның ырғақты жиырылуы ағзадағы
қанайналымды қамтамасыз етеді. Бұл – көкірек қуысының сол жағында орналасқан қуысты
бұлшықет мүшесі. Ересек адамның жүрек салмағы – 250-350 г. Жүректің бұлшықет ұлпа-
лары ерекше жасушалар – кардиомиоциттерден тұрады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан
тұрады: сыртқы дәнекер ұлпалы (эпикард), бұлшықетті (миокард) және ішкі (эндокард).
Адамның жүрегі төрт камералы: тұтас тік перде, оны сол жақ және оң жақ жарты
бөліктерге бөледі. Әрбір жарты бөлік жүрекше мен қарыншаға бөлінген. Жүрекше мен
қарыншалардың арасында жақтаулы қақпақшалар орналасқан. Қосжақтаулы қақпақша
екі жақтаудан тұрады, сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның арасында орналасады.
Үшжақтаулы қақпақша оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында орналасқан.
Егер қақпақшалар ашық болса, қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Қарыншалар жиырылған-
да, олар жүрекшедегі қанның кері жүруіне кедергі жасайды.
Жүрек қарыншасындағы қолқаның және өкпе артерияларының шығу жерлерінде
қалта тәріздес жарты ай тәрізді қақпақшалар болады. Қарыншалар жиырылған кезде
олар қан тамырларының қабырғаларына қысылып, қан ағынын жібереді. Қарыншалар
босаңсыған кезде қақпақшалардың қалталары қанмен толтырылады және қанның кері
ағынын болдырмау үшін қан тамырларының тесіктерін жабады.
1-зерттеу Микроскоппен көлденең жолақты жүрек бұлшықет ұлпасының микропрепаратын зертте. Жүрек
бұлшықетінің құрылымы мен оның атқаратын қызметтері арасындағы өзара байланыс туралы қорытынды
жаса.
52

