Page 53 -
P. 53

Қолқа –                                   Өкпе артериясы
                  адам ағзасындағы ең үлкен артерия. Оған қан үлкен  жүректің оң жақ
                  қанайналым шеңбері басталатын жүректің сол жақ  қарыншасынан шығып,
                  қарыншасынан келіп құйылады.              өкпеге вена қанын
                                                            апарады
          Жоғары қуысты вена –
          бүкіл мүшелерден келетін қанды                                        Өкпе венасы
          жинап, оң жақ жүрекшеге құятын                                        өкпеден артерия қанын жүректің
          веналық түтік.                                                        сол жақ жүрекшесіне әкеледі.

          Оң жақ жүрекше –                                                      Сол жақ жүрекше
          мүшелерден келген вена қанын                                          Жақтаулы қақпақшалар kz
                  textbooks nis edu
          жинап, жүректің оң қарыншасына                                        өкпе венасы арқылы өкпеден қан
                                                                                алады және оны сол жақ қарыншаға
          тасымалдайды.                                                         өткізеді.
          Жарты ай тәрізді
          қақпақшалар –
          қолқа және өкпе артериясының                                          жүрекше мен қарыншаның арасында
          жүректен шығатын жерінде                                              орналасады. Олар қарыншаға ашылып,
          орналасады. Олар тамырлардан                                          қанның кері ағымын болдырмайды.
          қанның жүректің қарыншаларына
          кері ағымын болдырмайды.
                                                                                Сол жақ қарынша –
          Төменгі қуыс вена  –                                                  жүректің төменгі сол жақ бөлімі. Ол
          бүкіл мүшелерден келетін қанды                                        жиырылғанда қан қолқаға жіберіледі.
          жинап, оң жақ жүрекшеге құятын                                        Қалың бұлшықет қабырғалары бар.
          веналық түтік.

          Оң жақ қарынша –                 Перде                                Миокард –
          жүректің оң жақ төменгі бөлігі,    жүректің веналық қаны бар оң жақ   жүрек массасының негізін құрайтын
          ол жиырылған кезде қан өкпе      жартысын артериялық қаны бар сол жақ  жүректің ортаңғы бұлшықетті қабаты.
          артериясына өтеді.               жартысынан бөліп тұрады.

                                               Адам жүрегінің құрылысы

          3-тапсырма    Қарынша қабырғалары жүрекше қабырғаларына қарағанда қалың. Бұл немен байланысты?
          Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншаға қарағанда қалың. Неге екенін ойлан.

          4-тапсырма    Жүрек сырты ішкі қабырғалары сұйықтық бөлетін жүрек қабы – перикардпен (жүрек қабы)
          қапталған. Қалай ойлайсың, жүрек қабы қандай қызмет атқарады?

          2-зерттеу
                      Барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қойдың жүрегінің препаратын зерделе. Оның
          бөліктерін тауып, суретін сал, бөліктерін белгіле.


           Өзіңді тексер
             1.  Жүректің негізгі қызметі қандай деп ойлайсың?
             2.  Неліктен қан тек бір бағытта қозғалады? Қан жүректің қарыншаларынан қайда барады және онда
                 қандай қақпақшалар бар?
                        Жүрек бөлімдері                   Құрылыс ерекшелігі               Қызметі





          Күрделілігі жоғары тапсырма      Егер жүрек минутына 70 рет жиырылатын болса және әрбір жиырылғанда
          150 мл қан жүректен қан тамырларына өтсе, сабақ уақытындағы 40 минутта сенің жүрегің қанша қанды
          өткізеді?


                                                                                                         53
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58