Page 54 -
P. 54

5.3   Қан тамырларының құрылысы мен қызметі.

            Жүрек-қантамырлар аурулары


            Қантамырлардың құрылысы және қызметтері
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  Денеміздегі ең кіші қан-
                Адамның қанайналым жүйесі барлық сүтқоректілердікі си-            тамырлар – капилляр-
            яқты тұйық болады. Ағзадағы қан тек қан тамырлары бойымен             лардың жалпы ұзындығы
            оның шектерінен шықпай қозғалады. Қантамырлардың үш                   шамамен 100 000 км. Олар
            түрін ажыратады: артериялар, веналар және капиллярлар.                Жер шарының эквато-
                                                                                  рын бірнеше рет орап ала
                Артериялар – жүректен шығатын қантамырлар. Олардың                алады. Ойланып көр, адам
            тығыз, серпімді қабырғалары үш қабаттан тұрады: дәнекер               ағзасындағы капилляр-
            ұлпалы сыртқы қабат, тамыр қабырғаларының серпімділігі                лардың осындай ұзақтығы
            мен жиырылуын қамтамасыз ететін тегіс бұлшықет ұлпа-                  немен байланысты?
            сынан және серпімді талшықтардан тұратын ортаңғы қабат
            пен ішкі қабат.
                Жүректің сол қарыншасынан шығатын ең үлкен артерия
            қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын ар-
            териялар ұсақ тамырлар – артериолаларға, ал олар ары
            қарай капиллярларға тарайды.
                Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа, олар жасушалар-
            дан түзілген бір қабаттан тұрады. Мұнда қан ұлпаларға ерітілген
            оттекті береді де, өзі көмірқышқыл газымен қанығады (артерия-         Тірек сөздер
            лық қан веналық қанға айналады). Қаннан ұлпаларға қоректік            Қантамырлар, артерия, қолқа,
            заттар да өтеді, ал ұлпалардан қан зат алмасу өнімдерін алады.        артериола, капилляр, венула,
                Капиллярлардан қан венулаға және одан әрі қан аз қы-              вена,  жүрек-қантамырлары
            сымда жүрекке барып құятын тамырларға – венаға тарайды.               аурулары,  артериалды  гипо-
                                                                                  тония/гипертония, атероскле-
            Веналардың қабырғалары артериялар сияқты үш қабаттан                  роз, инфаркт, инсульт, жүректің
            тұрады, алайда бұлшықет ұлпасының қабаты әлсіз дамыған.               ишемиялық ауруы.
            Веналар қанның кері қозғалуына кедергі жасайтын жарты
            ай тәрізді қақпақшалармен жабдықталған. Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы қан ағысына
            ықпал етеді: тамыр қабыр ғаларын қысып, қанды жүрекке қарай айдайды.
                Қантамырлардың бойымен жүректің жиырылуының арқасында қозғалады, бұл үдеріс
            қанайналым жүйесінің әр жерінде қысымның айырмашылығын тудырады. Қан қысым
            жоғары жерден (артериялар) қысым төмен жерге қарай (капиллярлар, веналар) ағады.
            Сонымен қатар қанның тамырлар бойымен қозғалысы қантамырлардың қабырғасына
            үйкелгенде пайда болатын қарсылыққа тәуелді.

                                   Артериялар              Веналар            Капиллярлар

                                                                        Қақпақша




                                      Қантамырлар құрылысының құрылыс ерекшеліктері
             Зерттеу
                       Қантамырлардың көлденең кесіндісінің микропрепаратын анықтап қара. Қабырғаларының қалыңдығына
            назар аудар, қызметтік ерекшеліктері туралы қорытынды жаса. Капилляр құрылымының қандай қасиеттері дене
            жасушалары мен қантамырлар арасындағы газ алмасуға әсер етеді? Ол қандай физикалық үдеріске негізделген?



              54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59