Page 55 -
P. 55

1-тапсырма    Кестені толтыр. Қанайналым тамырлары қабырғаларының құрылысы мен оның атқаратын

          қызметтерінің арасында қандай байланыс бар?
                       Тамыр                    Құрылыс ерекшеліктері                  Қызметтері

                  textbooks nis edu kz
          Жүрек-қантамырлар аурулары

             Артериялық гипотония – артериялық қысымның тұрақты төмендеуі. Аурудың бел-
          гілері – бастың аздап айналуы және жалпы әлсіздік. Артериялық гипотония туғызатын басты
          қауіп – миға және ішкі мүшелерге оттектің жетіспеушілігі, бұл оларға қан дұрыс бармауы-
          ның әсерінен болады. Кейбір аурулар, керісінше, артериялық қысымның жоғарылауынан
          пайда болады – артериялық гипертония.
             Атеросклероз  –  артерия  қабырғаларының  тарылуын  тудыратын  холестериннің
          жинақталуы, созылмалы ауру. Гипертония және атеросклероз егде жастағы адамдарға
          тән, қан тамырлары өзінің серпімділігін жоғалтады. Бұл аурулар инфаркттің (миокардтың
          өлуі), инсульттің (бас миының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы) дамуын, жүректің
          ишемиялық  ауруын  (миокардқа  қан
          ағынының  төмендеуі  кезінде  жүрекке
          оттектің жетіспеуі) тудырады.
             Жүрек және қантамырлар аурулары                               Жүрек және
          еш белгісіз басталады, оларды байқау                             қанайналым аурулары
          қиын. Жүрек-қантамырлар ауруларының                             Қатерлі
                                                                          ісік            Тірек-қимыл
          ерте диагностикасы ғана оларды салдар-                                          аппаратының бұзылуы
                                                                          Тыныс алу
          сыз жоюға мүмкіндік береді.                                     аурулары        Диабет
                                                                                         Жазатайым оқиғалар
          2-тапсырма       Берілген  диаграмманы  талда.                               Жұқпалар
          Қазіргі уақытта әлем халықтарының өлім-жітімінің                           Бүйрек аурулары
          негізгі себептерін, оның ішінде қанайналым жүйе-                       Асқорыту жүйесінің аурулары
          сі ауруларының себептерін ата. Жүрек-қантамыр-                  Жүйке жүйесінің аурулары
          лар ауруларының алдын алудың негізгі қағидат-       Әлем бойынша адам өлімінің себептері
          тарын ата.


           Өзіңді тексер
           1.  Ең жоғары жылдамдықпен қан қолқада ағады – шамамен 0,5 м/с. Одан әрі қан қозғалысының жыл-
               дамдығы төмендейді, капиллярларда шамамен 0,5 мм/с құрайды. Алайда қуыс веналардағы қан ағы-
               сының жылдамдығы қайтадан артып, 0,20 м/с-қа дейін жетеді. Қантамырлар құрылысының қандай
               ерекшеліктері бұған әсер етеді? Бұл құбылыстың биологиялық мағынасы неде?
           2.  Қолқаның көлденең қимасының ауданы капиллярлардың жалпы көлденең қимасының ауданынан 500
                                                2
               есе аз. Егер қолқаның ауданы 10 см  екендігі белгілі болса, капиллярлардың жалпы ауданы қандай?
           3.  Ағзаға холестериннің ас арқылы артық мөлшерде түсуі қанайналым жүйесі мүшелері жұмысының
               бұзылуына әкеледі. Артық холестерині бар тағамдарды көп қолданатын адамда қанайналымымен
               байланысты қандай мәселелер пайда болады? Олар қандай салдарға әкелуі мүмкін?


          Күрделілігі жоғары тапсырма      Жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының бірін зертте. Оның себептері,
          белгілері және мүмкін болатын емдеу жолдарын қарастыр. Таныстырылым дайында.




                                                                                                         55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60