Page 56 -
P. 56

5.4   Физикалық жаттығулардың жүрек жұмысына әсері



            Бұлшықеттер жұмысына қажетті жағдайлар                                XIX ғасырдың соңында ита-
                Баспалдақпен  көтерілгенде  жүректің  соғуы  неліктен             льяндық физиолог Анжело
                  textbooks nis edu kz
            жиілейтінін білесің бе? Дене жүктемелерін оңай орындау                Моссо мынадай тәжірибе
            үшін ағзаға не қажет?                                                 жүргізді. Ол қозғалыссыз
                Автокөліктің қозғалыс үшін бензинді қажет ететіні сияқты,         жатқан адамды таразыға
                                                                                  теңгерді. Содан әрі оған
            біздің бұлшықеттеріміз жұмыс жасау үшін энергияны қажет               математикалық есептеу-
            етеді. Тамақтан алатын энергия ағзамызға көмірсулардан,               лер жүргізуді, сонан соң
            нәруыздар мен майлардан келеді. Көмірсулар оңай глюко-                аяқтарының саусақтарын
            заға айналады да, соның арқасында ағза үшін ең қолайлы                қозғауды ұсынды. Қалай
            қуат көзі болып табылады.                                             ойлайсың, таразы те-
                                                                                  пе-теңдігін жоғалтты
                Тиімді жұмыс істеу үшін бұлшықетке көп оттек қажет,               ма? Неге бұлай болды?
            сондықтан жиі тыныс аламыз. Бұл жүректің жиырылу жиілігін
            арттырады. Жүректің жиырылуы барысында бұлшықетке
            оттек пен қоректік заттар жеткізіледі, ыдыраған өнімдер мен
            көмірқышқыл газы шығарылады. Сондықтан дене жаттығуы
            барысында тамырдың соғуы мен тыныс алу жиілейді, дене
            температурасы көтеріліп, терлей бастаймыз.

                                                                                  Тірек сөздер
            Жүрек соғу жиілігі және тамырдың соғуы:
            айырмашылығы мен өлшеу әдістері                                       Тамыр соғуы, жүрек соғу жиілі-
                                                                                  гі, қанның соққылық көлемі,
                                                                                  тыныс алу жиілігі, бұлшық еттің
                Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) – уақыт бірлігінде жүрек
            соғуының саны. Қалыпты жағдайда тыныштық күйде мину-                  шаршауы.
            тына жүрек 60-тан 90-ға дейін соғуы керек.
                Тамырдың соғуы – артерия қабырғаларының толқынды
            тербелісі, ол жүректің әрбір жиырылуының тамыр бойымен
            жылдам таралуынан туындайды.

             Тапсырма    Қосымша әдебиетті пайдалана отырып, тамыр соғуын өл-
            шеу әдістерін зерделе, бұл туралы жаднаманы құрастыр. Біз неге суретте
            көрсетілген жерлерде ғана тамыр соғуын жақсы сезінеміз? Сыныптаста-  А               Ә
            рыңмен талқыла.
                                                                                Тамырдың соғуын өлшеу әдістері:
             1-зерттеу     Тыныштық күйдегі және дене жаттығуынан кейінгі жүрек   А – мойында;
            соғуы жиілігінің өзгерістеріне зерттеу жүргіз.                      Ә – білектің ішкі жағында

                Спортшының  динамикалық  жұмыс  барысында  тыныс  алуы  тереңдейді,  қанның
            соққылық көлемі (жүректің бір жиырылғандағы жүрек қарыншасынан шыққан қан көлемі)
            артады. Ал шынықпаған адамның тыныс алу жиілігі (адамның минут сайын алатын тыны-
            сының саны) артады  және жүрек соғуы жиілейді.
                Дене жаттығуынан кейін оттектің ағзадағы ағынын қалпына келтіру үшін бұлшықеттер
            тынығуды қажет етеді. Дегенмен, жаттыққан және физикалық жағынан шыныққан адамның
            қалпына келуі әлдеқайда жылдам өтеді.



              56
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61