Page 58 -
P. 58

5.5   Мен – кардиологпын



                Қазіргі өмір ырғағы, сөзсіз, артық жүктеме мен стрестік
            жағдайларға келеді. Бұл жалпы денсаулыққа және жүрек-қан-             Пациент жүрек аймағында
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  ауырсыну, бас айналу, әл-
            тамырлар жүйесінің (ЖҚЖ) жұмысына зиянды әсер етеді.                  сіздік, демікпе, жүрек соғу
            Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер бетіндегі халық               жиілігінің өзгеруі, артерия-
            өлімінің негізгі себептері көрсетілген кезекті бюллетенін             лық қысымның жоғарылауы
            шығарды. Өлім-жітімнің басты себебі – жүрек-қантамыр лар              туралы шағымдарын айтып,
            аурулары. Кардиолог – жүрек пен қантамырлардың пато-                  кардиологқа келді. Жүрекке
                                                                                  жүргізілген зерттеулер ко-
            логиялық өзгерістерін анықтайтын, емдейтін және алдын                 ронарлық тамырлардың
            алатын дәрігер.                                                       тарылғандығын, нормадан
                                                                                  айтарлықтай төмендегенін
            Кардиологтың қызмет ету саласы:                                       көрсетті. Пациентке дәрі-
                                                                                  гердің қандай диагноз қойға-
                •  жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының даму се-                  нын болжа.
            бептері мен механизмдерін зерттеу;
                •  ЖҚЖ патологияларын диагностикалау, емдеу және
            алдын алудың тиімді әдістерін әзірлеу;
                •  ЖҚЖ зақымдалған адамдарды оңалту.

             Кардиолог дәрігерлердің мамандануы

             Флеболог               вена тамырларының патологиясымен
                                    айналысатын дәрігер

             Балалар кардиологы     Балалар ЖҚЖ-сын емдеуге маманданатын
                                    дәрігер

             Кардиохирург           жүрек патологиясын емдеуге маманданатын
                                    дәрігер

             Ангиохирург            қантамырларды емдеуге маманданатын
                                    хирург-кардиолог

             Аритмолог              жүрек ырғағының бұзылуын емдеу және
                                    диагностикалаумен айналысатын маман


                Негізінен ЖҚЖ аурулары қарқынды өтеді. Пациенттің
            аман қалуы кардиологтың кәсібилігіне байланысты. Мүмкін,
            сен де сондай кәсіби мамандардың бірі болып, көптеген
            адамдардың өмірін аман сақтап қаларсың?

















              58
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63