Page 63 -
P. 63
Адам бұлшықеттерінің негізгі топтары
Антагонистер – бұл бір-біріне қарама қарсы әрекеттерді
Бицепс Тоқпан
орындайтын бұлшықеттер. Бұл бұлшықеттер буындарды жілік
Бицепс
бүгеді және жазады. Синергистер – бұл бір бағытта әрекет сіңірі
Трицепс
textbooks nis edu kz
ететін бұлшықеттер. Бұлшықеттер ешқашан оқшауланып жұ-
мыс істемейді. Әрбір қозғалысқа бірнеше бұлшықет топтары Трицепс
қатысады. Мысалға, шынтақ қозғалысын басқаратын бұл- сіңірі
шықеттер. Екібасты бұлшықет (бицепс) жиырылған кезде,
үшбасты бұлшықет немесе трицепс созылады. Яғни, олар
антагонист жұптарын құрайды: біреуі сүйекті бір бағытқа, Шынтақ буынының құрылысы
екіншісі – керісінше бағытқа тартады. Қолды жерге тіреп тұрып, кеудені көтеріп-түсіріп
денені шынықтырғанда, синергист бұлшықеттер – кеуденің үлкен бұлшықеті мен трицепс
бірге жұмыс істейді.
1-тапсырма Шынтақтың құрылымын қарастыр. Онда қандай бұлшықеттер антагонистік қызметте болады?
Буындар, сіңірлер және байламдар
Қаңқа сүйектері өзара қозғалмалы буындар арқылы қо- Бицепс
сылған. Ондағы қаңқа сүйектері мен бұлшықеттері сіңірлер
мен байламдар арқылы қозғалысқа келтіріледі. Трицепс
Сіңір – бұлшықеттің бөлігі, ол оның көмегі арқылы сү-
йекке бекітіледі. Мысалы, бицепс сіңірі оны кәрі жілікке бекі- Білек бұлшықеттері
теді. Бұл қолды шынтақ буынымен бүгуге мүмкіндік береді.
Трицепс сіңірі оны шынтақ сүйегімен байланыстырады,
Білек сіңірі
бұл қолды шынтақ буынымен жазуға мүмкіндік береді. Кәрі жілік
Байлам – буын ішінде сүйектерді бір-бірімен қозғалмалы
байланыстыратын дәнекер ұлпасының түзілісі.
Осылайша, сүйектер, бұлшықеттер, буындар, сіңірлер Тоқпан
және байламдар бірлесе тірек-қимыл жүйесін құрайды және Шынтақ сүйек жілік
қозғалтқыш белсенділігін қамтамасыз етеді.
Трицепс сіңірі
Зерттеу
Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, құс қанатына
препарация жаса. Оның бөліктерін анықта, суретін сал және белгіле. Құс қанатының қозғалысындағы бұл-
шықеттер, сіңірлер және байламдардың рөлі туралы қорытынды жаса.
2-тапсырма Қолда бар заттарды қолданып, адамның шынтақ буынының моделін жаса. Ондағы сүйектің,
бұлшықеттің, сіңірдің рөлін не атқаратынын ойластыр.
Өзіңді тексер
1. Неліктен қаңқа, бұлшықеттер, буындар, сіңірлер және байламдарды бір жүйеге жатқызамыз? Олар
қандай рөл атқарады? Неге сіңірлер иілгіш?
2. Бұлшықеттер пішіні, құрылысы, қызметі бойынша қалай жіктеледі? Бұлшықет ұлпасының негізгі қа-
сиеттерін ата.
Күрделілігі жоғары тапсырма Әр мысалда қандай бұлшықеттер
қозғалысқа қатысатынын айтып бер.
63

