Page 62 -
P. 62

6.1   Тірек-қимыл жүйесі



            Адамның тірек-қимыл жүйесінің негізгі
            қызметтері                                                            Қаңқа  сүйектері  белгілі
                                                                                  бір  ретпен  байланысып,
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  кеңістікте  дененің  қозға-
                Тірек-қимыл жүйесі сүйек, бұлшықет және қосалқы                   лысын қамтамасыз ететін
            құрылымдардан тұрады, олар бірлесе жұмыс жасай отырып,                және  әртүрлі  қозғалыстар
            кеңістікте дене қозғалысын қамтамасыз етеді.                          жасауға  мүмкіндік  беретін
                Бұдан басқа тірек-қимыл жүйесі тірек қызметін атқарады,           иінтіректер  болып  табы-
            қаңқаға бекітілген ішкі мүшелерді зақымданудан қорғайды.              лады. Сонда, бұл қозғалыс-
                                                                                  тарды тек қаңқа мен қаңқа
            Қаңқаның рессорлық қызметі оның соққыны, шайқалуды азай-              құрамына кіретін сүйектер
            татындығымен ерекшеленеді (табанның төменге иілгіштік қаси-           ғана қамтамасыз ете ме?
            еті, сүйектердің жалғасатын аралығындағы шеміршекті төсем-
            дер, омыртқалардың бүгілуі т.б.). Қаңқа минералды заттардың             Белсенді бөлігі – бұлшықеттер
            алмасуына қатысады: мұнда кальций мен фосфор қоры бар.                 (шамамен 600 қаңқа бұлшық еті)
                Қаңқа сүйектерінің кемік затында қызыл сүйек майы ор-                  Енжар бөлігі – сүйектер
                                                                                      (шамамен 208–210 сүйек)
            наласады. Жілік кемігінде қан түзу үдерісі жүреді, өлген қан
                                                                                  Дәнекер ұлпалы түзілістер (байламдар,
            жасушалары қанның жаңа жасушаларымен алмасады.                          буындар, шеміршектер, сіңірлер)
            Адам ағзасында бұлшықеттердің орналасуы                               Тірек сөздер

                Адамда 600-ге жуық қаңқа бұлшықеті бар. Бұлшықеттер –             Тірек-қимыл жүйесі, мимика,
            тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі. Олар денені тігінен          антагонист бұлшықеттер, си-
                                                                                  нергист бұлшықеттер, бицепс,
            ұстап тұрады, әртүрлі дене тұрысын қалыптастыруға, мимика             трицепс, тонус, байлам, сіңір,
            (беттің қимылдары), дене қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз               буын.
            етуге мүмкіндік береді.
                Адам ағзасында орналасуы                   бет                                          дельтатәрізді
            бойынша: бас, тұлға мен қол,            бұлшықеттері                                        бұлшықеттер
            аяқтың  бұлшықеттері  болып           кеуденің үлкен
                                                     бұлшықеті
            ерекшеленеді.                                                                               трапециятәрізді
                Өз кезегінде, бұл топтардың     Иықтың екі басты                                        бұлшықеттер
                                                      бұлшықеті
            әрқайсысы бұдан кішіректеріне              (бицепс)                                         Иықтың үш
            бөлінеді, мысалы, бас бұлшықет-     құрсақ тығыршық                                         басты бұлшықеті
                                                                                                        (трицепс)
            тері мимикалық және шайнау             бұлшықеттері
            бұлшықеттеріне,  тұлға  бұл-                 білек                                          арқадағы жал-
                                                                                                        пақ бұлшықет
            шықеттері – арқа, көкірек, құр-        бұлшықеттері
            сақ бұлшықеттеріне, сондай-ақ               саусақ                                          бөкселік
            пішініне  қарай  (ұршықтәрізді         бұлшықеттері                                         бұлшықет
            (аяқ-қол), таспатәрізді (құрсақ     санның төртбасты
                                                     бұлшықеті                                          балтыр
            бұлшықеттерінің алдыңғы қа-                                                                 бұлшықеттері
            бырғасы),  дөңгелек  (ауыздың
            дөңгелек бұлшықеті) және т.б.)
            бөлінеді.  Талшықтарындағы
            ядро санына қарай да бұлшықет             Адам ағзасындағы қаңқа бұлшықеттерінің орналасуы
            бірнеше түрге бөлінеді.



              62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67