Page 65 -
P. 65
Зерттеу Микроскоп арқылы қаңқа мен бірыңғай салалы бұлшықет ұлпаларының талшықтары құрылымын
ұлғайтып қара және суретін сал. Ұлпалардың құрылымы мен атқаратын қызметі арасындағы байланыс туралы
қорытынды жаса. Неге қаңқа бұлшықет ұлпасында көлденең жолақты көрініс болады?
Тапсырма Оқулықтағы мәтінді және жеке бақылауды қолданып, кестені дәптеріңе сызып алып толтыр.
textbooks nis edu kz
Бірыңғай салалы Қаңқа бұлшықет Жүрек бұлшықет
бұлшықет ұлпасы ұлпасы ұлпасы
Адам ағзасындағы орналасуы
Жасушалар түрі мен пішіні
Ядро саны және орналасуы
Көлденең жолақты көрініс
Ағзадағы қызметтері
Қаңқа бұлшықеттерінің құрылысы
Бұлшықеттер босаңсуға және жиырылуға қабілетті. Бұл ағзаның қозғалысын, тепе-теңдікті
ұстап тұруын, ішкі ағзалар қабырғаларының жиырылуын, дауыстың қалыптасуын және т.б.
қамтамасыз етеді.
Фасция – дәнекер ұлпасынан тұратын қа-
Бұлшықет талшықтары (миоциттер) – көп ядролы ұзын ци- бықпен қапталған жеке бұлшықет шоғырлары.
линдр пішінді жасушалар.
Жүздеген бұлшықет талшықтары бірігіп
бұлшықет шоғырларын қалыптас- Сүйек – тірек-қимыл аппаратының
тырады. енжар бөлігі.
Қан тамырлары қоректік заттар мен оттекті бұл- Екі шетінде орналасқан сіңірлердің көме-
шықеттерге жеткізеді. гімен бұлшықеттер сүйектерге бекітіледі.
Жүйкелер арқылы орталық жүйке жүйесінен импульс-
тер келеді, бұл олардың жиырылуын қамтамасыз етеді.
Өзіңді тексер
1. Бұлшықет ұлпасы типтерін атқаратын қызметтерімен сәйкестендір.
1. Қаңқа бұлшықет Қатты және ырғақты түрде жиырылады, автоматты түрде жұмыс істейді және
ұлпасы шаршамайды.
2. Жүрек бұлшықет Тамақ өнімдерінің асқазан-ішек жолдары арқылы жылжуына көмектеседі,
ұлпасы қантамырлар диаметрін өзгертеді.
3. Бірыңғай салалы Тыныс алу және тыныс шығару үдерістеріне қатысады, адам денесі кеңістікте
бұлшықет ұлпасы қозғалады, тепе-теңдікті сақтайды.
2. Жасөспірімдердің қаңқа бұлшықеттерінің салмағы шамамен жалпы салмақтың 30–40%-ын құрайды.
Спортшыларда бұл көрсеткіш 50%-ға жетеді. Ойлан, бұлшықеттерді шынықтыру қажет пе және неге?
Күрделілігі жоғары тапсырма Адам белтемірде жаттығу орындайды. Төменгі
А позициясынан жоғарғы Ә позициясына жылжу кезіндегі қол бұлшықеттері өзгері-
стерін сипатта. Ә позициясынан А позициясына жылжығандағы өзгеріс терін сипатта.
А Ә
65

