Page 67 -
P. 67
Жалпақтабандылықтың алдын алу
Жалпақтабандылықты болдырмауға көмектесетін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау:
– аласа өкшелі аяқкиім кию;
– сымбаттың түзу болуын қадағалау;
– бірнеше минут аяғыңды демалдырып жатып алу;
– құм, шөп, тасты жерлермен жиі жалаң аяқ жүру;
– аяқ байламдарын шынықтыратын жаттығулар жасау.
textbooks nis edu
2-тапсырма Өзіңдегі жалпақтабандылықты анықтау үшін сынақ 2-дәре-kz
жаса. Ол үшін акварель бояуы ерітіндісіне аяғыңды сал. Содан кейін
ақ қағаз бетіне із қалдыр. Алынған ізді мұқият қара. Ұсынылған су-
ретпен салыстыр.
жалпақтабан- 1-дәре- 3-дәре-
дылық жоқ желі жал- желі жал- желі
Гиподинамия пақтабан- пақтабан- жалпақта-
дылық дылық бандылық
Қимыл-қозғалысы аз өмір салты көптеген аурулардың
себебі болып табылады. Гиподинамия – қозғалыс белсен-
ділігінің шектелуінен туындаған ағза қызметінің бұзылуы.
Қозғалыстың үйлесімі нашарлайды, буындардағы қозғалыс-
тар шектеледі, сүйектер әлсізденеді, олардың минералды
құрамдары өзгеріп, сүйектің жиі сынғыштығына әкеледі.
Қозғалыс белсенділігі төмендеген адам күн сайын шығын-
даған энергиясынан артық тамақтанады. Ол дене салмағы-
ның артуына – семіздікке әкеледі. Бұл мәселе барлық жастағы
адамдар үшін өзекті.
Өмір салты өзгерген кезде үйлесімді тамақтану, күнделікті
физикалық белсенділіктің жоғарылауы гиподинамияның теріс
салдарының төмендеуіне немесе толық жоғалуына әкеледі.
Өзіңді тексер Басты тік Жұмыс барысында
ұстау
көздер тура алға қарайды
1. Жалпақтабандылыққа не себеп болуы мүмкін?
Жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары Иықтарды Монитор көз деңгейінде
қандай? бос ұстау Білек және
саусақтар бірдей
2. Гиподинамияның адам ағзасына әсерінің кем
деңгейде
дегенде үш салдарын көрсет.
3. Қазіргі кездегі оқушы мен ғарышкерді не нәр- Арқа тік
се біріктіретіні туралы ойлан. және
тірегі бар
Жұмыс құралдары оқушы
Күрделілігі жоғары тапсырма Компьютер ал- алдында орналасқан
дында жұмыс істеудің негізгі ережелерін оқы және Орындықта
отыру санның
талқыла. Олардың барлығын сен түгел орындай- төменгі бөлігіне Аяқ тіреуіштерге қойылған
сың ба? Оқушылардың гиподинамияның не екенін аздап салмақ
және оның салдары қандай боларын қаншалықты түсіреді
білетінін анықтау үшін сұрақтар құрастыр және сы-
нып/мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргіз.
Сауалнама нәтижесінде алынған ақпаратты өңде
және гиподинамияның алдын алу шараларын ұсын.
67

