Page 66 -
P. 66

6.3   Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы



            Дене сымбатының бұзылуы
                                                                                  Бұл суреттерді не
                - отырғандағы сымбаттың дұрыс болмауы;nis edu kz
                Адам  қаңқасы  дененің                                            біріктіретінін ойлан.
            басқа  бөліктері  үшін  тірек
            болып, сымбаттылықты та-
            нытатынын білесің. Қалыпты
            жағдайда және жұмыс кезін-
            де адамның күнделікті әдет-
            пен  өз  денесін  ұстай  білуі
            сымбат деп аталады. Арқа-
            ның бұлшық еттерінің әлсіз
                                                 Қалыпты   Кифоз  Лордоз  Сколиоз
            болуы, дененің бір жағына            жағдай                           Тірек сөздер
            ғана күш түсіру, жағымсыз                  Сымбат түрлері             Сымбат, сколиоз, кифоз, лор-
            әдеттер сымбаттың бұзылуы-                                            доз, жалпақтабандылық, гипо-
            ның негізгі себептері болып табылады.                                 динамия.
                Сколиоз – омыртқа жотасының оңға/солға немесе еңкіш
            тартып  қисаюы. Сколиоздың пайда болуының негізгі екі түрі бар:
                туа пайда болған – қисаю баланың жатыр ішінде даму
                  textbooks
            кезеңінде пайда болады;
                жүре пайда болған – ауру жағымсыз факторлар әсері-
            нен пайда болады:


                - тұқым қуалау арқылы;
                - арқа бұлшықеттерінің әлсіз болуы немесе жарақат алу;
                - семіздік, үнемі отырып жұмыс істеу;                              Отырғандағы дене жағдайы
                - мешел.
                Физиологиялық  кифоз  (омыртқаның  кеуде  бөлігінің
            дөңестеніп қисаюы) және лордоз (мойын және бел омырт-
            қаларының қисаюы) қалыпты болып саналады. Патологи-
            ялық лордоз бен кифозда  омыртқалардың қисаюы қалыпты
            параметрлерден асып кетеді.

             1-тапсырма    «Сабақта отырғанда дененің қисық орналасуы, оқушы
            сымбатына қалай әсер етеді?» тақырыбындағы пікірталасқа қатыс. Дұрыс          Қалыпты табан
            сымбаттылықты сақтауға көмектесетін ережелерді көрсететін кітапша
            жаса.

            Жалпақтабандылық
                Жаяу жүру кезінде дене салмағы аяқтың табанына бір-
            келкі бөлінеді. Жалпақтабандылық – табанның патология-
            лық өзгеріске ұшырап, жалпақтанып кетуі. Бұл табанның
            амортизациялық қызметінің бұзылуына, омыртқалардың,
            қаңқаның өзгеруіне алып келеді.                                             Жалпақтабандылық


              66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71