Page 137 -
P. 137

textbooks nis edu kz
          5.3.4 Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп

          салаларын сипаттау



             Дүниежүзілік шаруашылық салаларына ауыл шаруашы-
          лығы және өнеркәсіп жатады. Ауыл шаруашылығы – адамзат               Сен:
          тіршілігінің ең маңызды саласы. Жер шарында ауыл шаруа-              ✔	 ауыл шаруашылығы
          шылығымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Дүниежүзі                     және өнеркәсіп
                                                                                  салаларын жоспар
          бойынша ауыл шаруашылығы саласында 1,3 млрд-тан астам
                                                                                  бойынша сипаттауды
          адам жұмыс істейді екен. Ауыл шаруашылығы екі ірі саладан:              үйренетін боласың.
          өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығынан тұрады.
             Қазақстан тарихи кезеңдерден белгілі мал және егін ша-
          руашылығымен айналысқан. Кең-байтақ жеріміз, әсіресе мал
          шаруашылығын дамытуға қолайлы болған. Елімізде қазіргі
          таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында бірнеше
          мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Бағдарламаның
          басты мақсаты – Отандық тауарларды көбейту, шаруа қожа-
          лықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың
          әл-ауқатын жақсарту, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін                         1-сурет
          сыртқы нарыққа шығару.
             Ірі қара өсіру – мал шаруашылығындағы дамыған сала-
          ның бірі. Қоңыржай, субтропиктік белдеулер аудандарында
          жақсы таралған. Қазіргі уақытта етті және сүтті бағыттағы ірі
          қара өсіру сұраныстың артуына байланысты жақсы жолға
          қойылған (1-сурет).
             Қой шаруашылығының аса ірі аймағы – Аустралияның
          шөлейтті аудандары. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы                          2-сурет
          Еуропа, Орталық және Оңтүстік Азия, Америка, биязы жүнді
          қой шаруашылығы Орталық Азия, Оңтүстік Африка елдерін-
          де жақсы дамыған (2-сурет).
             Балық шаруашылығы – дүниежүзілік шаруашылық-
          тың ең ежелгі саласы. Балық аулау теңіз жағалауындағы
          елдерде таралғанымен, ірі өндірушілер қатарында Жапония,
          Қытай, АҚШ, Чили, Перу, Ресей және Исландия елдері бар. Ал
          Қазақстанның географиялық ерекшелігіне сай балық шаруа-
                                                                                          3-сурет
          шылығы барлық аймақтарда жетекші дамымаған (3-сурет).

             Бидай – ең басты астық дақылдарының бірі. Астық да-
          қылдарының қазіргі кездегі стратегиялық маңызы бар. Би-
          дай өсіру шаруашылығы елімізде жақсы жолға қойылған.
          Қазақстанның солтүстік аймақтарының табиғи жағдайы
          сапалы бидай өнімдерін егуге мүмкіндік береді. Сондық-
          тан еліміз әлемдегі астық экспорттаушы елдердің бірінші
          ондығына кіреді (4-сурет).
          ?   1. Мемлекет үшін ауыл шаруашылығын дамытудың маңызы қандай?                 4-сурет



                                                                                                        137
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142