Page 134 -
P. 134
textbooks nis edu kz
Қазақстан – шикізат қорына бай мемлекеттердің бірі. Сондықтан елімізде ауыр өнеркәсіп
өндірісінде ірі зауыттар көп. Солардың бірі – мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай өңдеу сала-
сында Қазақстанда үш зауыт жұмыс жасауда. Олар – Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар
мұнай-химия зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты.
Шикізат қоры аз және технологиясы жетекші дамыған елдердің көбінде қалдықтарды
қайта өңдеу зауыттары салынып, көптеген дайын өнімдер шығаруда.
Қазақстандағы өнеркәсіп орындары шығаратын өнімдер
5-сурет
Тапсырма 1. 5-сурет бойынша өнеркәсіп орындары шығаратын өнімдерді Қазақстанның аймақтары бо-
йынша топтастыр.
2. Картадан бір зауытты таңда. Зауытта қандай өнімдер шығарылады? Шығарылған өнімдердің ішкі және
сыртқы нарықтағы сұранысын талда.
3. Өз аймағыңдағы өнеркәсіп орындарын анықтап, «Өз өңірімдегі өндіріс орындары» тақырыбында карта-
сызба құрастыр.
Мен зерттеушімін!
Жергілікті аймақтан өндіріс орындарын анықтап, зерттеу жұмысын жаса.
1. Өз аймағыңда қандай зауыттар, фермалар, фабрикалар жұмыс істейді?
2. Олар қандай өнімдер шығарады?
3. Өз аймағыңда қандай ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіп орындарының түрлерін дамытуға болады?
134

