Page 135 -
P. 135

textbooks nis edu kz
          5.3.3 Өнеркәсіп өндірісін орналастыру




             Өндіріс орындары мен кәсіпорындардың жұмысы өнім-
          ді болу үшін орналасуын және әсер ететін факторлар мен               Сен:
          себептерді ескеру қажет. Мысалы, «Қандай себептерге бай-             ✔	 ауыл шаруашылығы
          ланысты зауыт осы жерде салынған? Бұл жерге фабриканы                   және өнеркәсіп өндірісін
                                                                                  орналастыру факторларын
          салу үшін қандай факторларды ескеру қажет? Ірі қара мал-                (қазақстандық компонентті
          дарды өсіру үшін ферма салуға қандай климат қолайлы?»                   қосымша қамту негізінде)
          деген сияқты сұрақтарға жауап іздеу керек.                              талдайтын боласың.

             Өнеркәсіп өндірісін орналастыру факторлары

             1. Шикізат көзіне, энергияға жақын орналасуы.
             2. Өнімнің тұтынушыларға, еңбек ресурсына және ғылы-
          ми орталықтарға жақын болуы.
             3. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын және тиімді геог-
          рафиялық орнын ескеру.
             Бұл – мұнай өңдеу зауытын салған кезде өте қатты кө-
          ңіл бөлетін фактордың бірі. Себебі мұнай өңдеу зауытынан
          бөлінген қышқыл газдар қоршаған ортаға түскенде неме-
          се құрамынан бөлінетін улы газдар табиғатқа және адам
          денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан осындай
                                                                                       Мұнай өңдеу
          өндіріс орындарын жобалап, салатын уақытта табиғатқа,                     зауытының жобасы
          адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында
          табиғатты қорғау технологияларын қолдану немесе жақын
          орналасқан елді мекендердегі адамдарды қолайлы жерлерге
          көшіру қажет.
             4. Еңбек өнімділігін арттыратын өндіріс кешендерінің
          шоғырлануына да байланысты.
             Өндіріс орнын салуда сол аймақтағы маманданған бір-
          келкі өнім шығаратын өндіріс орны немесе әртүрлі өндіріс
          түрлерін үйлестіретін комбинаттар, яғни шикізатты өңдейтін,
          оларды бірігіп өңдейтін кешендер ескеріледі. Мысалы, Түр-
          кістан облысының басшылығы Шымкент шина зауытының
          аумағында индустриялық аумақ құруды жоспарлап отыр.
          Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпке маманданған                          Шымкент шина

          оңтүстік өңір үшін осы салаларға қажетті құрал-жабдықтар-                  зауы тының өнімі
          ды шығаратын өндірістік орындардың шоғырлануы кәсіпо-
          рын жұмысының тиімділігін арттырады.


          ?   1. Өндіріс орындарын салуда әсер етуші факторлардың маңызы қандай?
             2. Суретте мұнай өңдеу зауытын салу үшін әсер ететін факторлар берілген.
             Мұнай өңдеу зауытын салу үшін мәтінде берілген әсер ететін үшінші және төртінші факторларға мысалдар
             келтірілген.
             Бірінші және екінші әсер етуші факторлардың маңызын анықтап, мысалдар келтір.


                                                                                                        135
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140