Page 136 -
P. 136
textbooks nis edu kz
Өнеркәсіп өндірісін орналастыру факторлары
Кестеде өндіріс салалары және оларды орналастыруға әсер ететін басты
факторлар берілген. Мәліметтер Қазақстан өндірісінің түрлеріне талдау жа-
сауға және жаңа кәсіпорындарды орналастыруға өз нұсқаларыңды ұсынуға
көмектеседі.
Факторлар
Шикізаттық отын отын Электр қуаты Су ресурсы Еңбек Көліктік Тұтынушылық Экологиялық
Өндіріс салалары Энергетикалық
Мұнай өңдеу ● ●● ●● ●●
Газ өндіру ●●● ●●● ●●
Тоқыма ● ●● ●●●
Нан пісіру ● ●●●
Мәшине жасау
Аяқкиім
Қант
Балық
Әсер етуші факторлар: ●●● - шешуші; ●● - күшті; ● - әлсіз.
Кестедегі өндіріс салаларына әсер етуші факторлардың маңызын талда.
Әсер етуші факторлары көрсетілмеген өндіріс салалары: мәшине жасау, аяқ-
киім, қант шығару өндіріс орындарын орналастыруда шешуші, күшті, әлсіз
факторларды қойып, себебін түсіндір.
? 1. Газ өндіру кезінде шикізат пен көлік тасымалы неліктен шешуші фактор болады?
2. Тоқыма және нан пісіру саласында тұтынушылық фактордың маңызы қандай?
3. Суретте берілген мұнай өңдеу зауыты үшін шешуші және әлсіз әсер ететін факторды
анықта.
Мен зерттеушімін!
Географиялық орналасуы бойынша қажетті шикізат ресурстары кездеспейтін Теміртау қаласында елі-
міздегі толық циклді металлургиялық комбинат орналасқан. Оған қажетті темір – Қостанай өңірінде,
хром – Ақтөбе облысында, ал марганец – Жезқазған аймақтарынан алынады.
1. Теміртау қаласының географиялық орнын анықта.
2. Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, Қостанай өңіріндегі темір, Ақтөбедегі хром, Жезқазған
аймағындағы марганец кен орындарын анықта.
Бұл жерде өнеркәсіп тиімді жұмыс жасау үшін қандай факторларға сүйеніп отыр?
3. Неліктен металлургиялық комбинат Теміртау қаласында орналасқанын зерттеп, өз жұмысыңмен
таныстыр.
136

