Page 133 -
P. 133
textbooks nis edu kz
5.3.2 Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
өндірісін ұйымдастыру түрлері
Өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп салалары өнімдерін
шығаратын негізгі кәсіпорындарға зауыт, фабрика және Сен:
фермалар жатады. ✔ ауыл шаруашылығы
Ферма – ірі және ұсақ қара малдарды, ет және жұмырт- және өнеркәсіп өндірісін
ұйымдастыру түрлерін
қа бағытындағы құстарды өсірумен айналысады. Сонымен
(қазақстандық компонентті
қатар ет, жұмыртқа, жүн және тері сияқты ауыл шаруашы- қосымша қамту негізінде)
лығы мал өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы сипаттайтын боласың.
мақсатындағы жеке кәсіпорын. Ауыл шаруашылығы фер-
маларының негізгі түрлері: ірі қара мал, құс шаруашылығы
сонымен қатар қой, жылқы және т.б. жануарлар өсіруге
арналған (1-2-сурет).
Фабрика (лат. fabrіca — шеберхана) – мәшинелер жүйесін
қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика, негізінен,
жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің тауарларын дайындай-
тын кәсіпорын. Фабрикаларға келетін шикізаттар негізі ауыл
шаруашылығы өнімдері болып табылады. 1-сурет
Еліміздің әр аймағында әртүрлі бағыттағы фабрикалар
жұмыс жасайды. Мысалы, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түр-
кістан облыстарында алуан түрлі сүт өнімдерін шығаратын
өндіріс орындары бар (3-сурет). Сүт өнімдерін шығаратын
компаниялар қазақстандық нарықта белсенді жұмыс жа-
сауда. Сонымен қатар тігін және тоқыма фабрикалары шы-
ғаратын өнімдер бойынша Түркістан, Алматы және Ақмола
облыс тарының үлестері жоғары. 2-сурет
Тапсырма 1. Өндіріс (ферма, зауыт, фабрика) орындарының ерекше-
ліктерін сипатта. Өз таңдауыңды түсіндір.
2. Ферма мен зауыт жұмысын «Венн диаграммасы» бойынша салыстыр
және талда.
Зауыт – өндіріс үдерістері механикаландырылған өнер-
кәсіп орны. Зауытта басқа өнеркәсіп орындарынан өзгеше
түрде бір жүйеге келтірілген жоғары өнімді механизмдер 3-сурет
мен технологиялық желілер жұмыс істейді. Тұтынушыға
дайын заттарды немесе қосалқы бөлшектерді шығарады.
Мысалы, мәшине жасау зауыттары, негізінен, металл құрыл-
ғылары мен әртүрлі технологиялық бағыттағы жүк көтеру
жабдықтарын, кран техникаларын жасап шығарады. Елі-
мізде қазір транспорттық мәшине жасайтын «Азия Авто»,
вагон жасайтын «Бәйтерек А», электровоздар шығаратын
«Камқор Менеджмент» өндіріс орындары жұмыс жасайды. 4-сурет
133

