Page 14 -
P. 14

textbooks nis edu kz
            Географияда қолдануға болатын графикалық модельдер



                    Сызбалар                                              Диаграммалар


                                               Графикалық
                                                  модельдер

                   Графиктер                                              Карта-сызбалар



                Мысалы, ауа райына қатысты үдерісті көрсету үшін оның графикалық моде-
            лін сызамыз. 3-суреттегі графиктен ауа райы температурасының төмендегенін
            немесе көтерілгенін көруге болады.
                3.  3D модель. Әртүрлі графикалық редакторлық бағдарламалар көмегімен
            таудың, қаланың, ғимараттың 3D модельдері құрастырылады. Нысанның 3D мо-
            дельдерінің ерекшелігі – оны жан-жағынан айналдырып көруге болады. Мұндай
            3D модельдерді құрастыру үшін арнайы бағдарламаларды оқып үйрену керек.


                T
              температура,  0  С   4
                 4


                 2
                0
                     2  4   6  8  10  12  14  16  18  20  22  24  t
               – 2                        тәулік уақыты, сағ
               – 4
               – 6
               – 8

                    3-сурет. Ауа райы температурасының
                         өзгерісін көрсететін график                       4-сурет. Таудың 3D моделі


             Тапсырма   Таудың 3D моделін сипаттап бер.


              Сенің кезегің

              1.  Географиялық модель түрлерінің ерекшеліктерін түсіндір.
              2.  Неліктен экономикалық географияда имитациялық модельдер қолданылмайды?
              3.  Play Мarket немесе App Store арқылы Google Еarth қосымшасын жүктеп, өз қалаңның және әртүрлі
                 қалалардың 3D моделін қара. Оның география пәні үшін маңыздылығын түсіндір.











              14
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19