Page 41 -
P. 41
textbooks nis edu kz
3. Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы қандай?
4. Тау жыныстары айналымының тоқтаусыз жүретіндігіне қарамастан
пайдалы қазбалардың сарқылуы неге байқалады?
Пайдалы қазбалар ұзақ геологиялық уақытта эндогенді
және экзогенді күштердің нәтижесінде қалыптасады. Ежелгі
платформалардағы борпылдақ шөгінді жыныстардың жи-
нақталған аудандарында көбінесе мұнай мен газдың қоры
шоғырланады. Мысалы, Парсы шығанағы, Гвинея шығанағы,
Африканың солтүстігі, Каспий маңы, Аляска.
Материктің платформалық бөлігінің палеозой мен ме-
зозой жыныстарымен бірге су маңында жинақталған ор-
ганикалық заттардың қалдықтары таскөмір мен қоңыр
көмірдің қалыптасуына әкеледі. Мысалы, Ұлы көлдер маңы,
Донецк бассейні, Қарағанды, Ұлы Қытай жазығы.
Кенді пайдалы қазбалардың қалыптасуы материк тұ-
ғырының жер бетіне жақын орналасқан жерлері және жас
интрузиялық жыныстар жауып жатқан жерлерге байланыс-
ты. Сонымен қатар кенді пайдалы қазбалар (мыс, сирек ме-
талдар, темір) таулы аудандарда өте көп кездеседі. Мысалы,
Анд (2-сурет), Алтай, Аппалач, Орал таулары.
? 1. Анд тауларында мыстың көп таралуы неге байланысты (1-суретпен
байланыстыр)?
2. Физикалық картадан Анд тауларының орналасуын анықта (Анд
таулары қандай тақталардың соқтығысуынан пайда болған еді? 7-сы-
ныптан еске түсір).
2-сурет
3. Анд тауларында мыстан басқа қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
Шығармашылық тапсырма
Өзің тұратын елді мекеннің пайдалы қазбалары бойынша зерттеу жүргіз.
А. Сен тұратын елді мекенде қандай пайдалы қазба түрі кездеседі?
Ә. Бұл пайдалы қазбаның таралуына қандай жағдайлар әсер етті деп ойлайсың?
Б. Осы пайдалы қазба түрі елімізде тағы да қайда кездеседі?
В. Зерттеу қорытындысын сынып алдында қорға.
Сен білесің бе?
Жер шарындағы кенді пайдалы қазбалардың 95%-ы – темір кені.
Көмір – отын түрінде жиі пайдаланылатын пайдалы қазбалардың бір түрі. Алайда 2 м-лік көмір қимасы
пайда болуы үшін 20 м-лік шым мен өсімдіктердің қалдықтары қажет.
Сенің кезегің
1. Бұл сабақта не үйрендің?
2. 1-суретті пайдаланып, тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың байланысын көрсететін сызба сыз.
3. Пайдалы қазбалардың бағалы болуы немен түсіндіріледі?
41

