Page 37 -
P. 37
textbooks nis edu kz
Геохронологиялық кесте
Эра Кезең Негізі оқиғалар
Кайнозой Төрттік дәуір Қазіргі заманғы адамдардың пайда болуы.
Неоген Ірі сүтқоректілердің жойылуы.
Палеоген Сүтқоректілердің және адамтәрізді маймылдардың пайда
болуы.
Мезозой Бор Алғашқы ұрықжолдасты сүтқоректілердің,
динозаврлардың жойылуы.
Юра Қалталы жануарлар және алғашқы құстардың пайда
болуы. Динозаврлардың қарқынды дамуы.
Триас Алғашқы динозаврлар және алғашқы жұмыртқа салатын
сүтқоректілер.
Палеозой Пермь Жаппай пермдік қырылу.
Таскөмір Ағаштардың, бунақденелілер мен жорғалаушылардың
пайда болуы.
Девон Қосмекенділер және споралы өсімдіктердің пайда болуы.
Силур Жануарлардың құрлыққа шығуы.
Ордовик Тамырлы өсімдіктердің пайда болуы.
Кембрий Жаңа ағзалардың пайда болуы, «Кембрийлік жарылыс».
Протерозой Алғашқы көпжасушалы ағзалардың пайда болуы.
Архей Біржасушалы ағзалардың пайда болуы.
Тапсырма 2-суретте алғашқы бунақденелілердің өркендеу кезіндегі
ағзалардың қалдықтары көрсетілген.
Осы суретке қарап, мұндағы тау жыныстарының салыстырмалы жасын
қалай анықтауға болады?
Тау жыныстары минералдардан тұратындықтан және
олардың құрамында химиялық элементтер болғандықтан,
бірінші кезекте олардың жасын анықтаудың шаруашылық
маңызы бар. Тау жыныстарының жасын анықтау олардың қо-
рын және кездесуі мүмкін аймақтарын анықтау үшін маңызды.
Сен білесің бе?
Тау жыныстарының абсолют жасын анықтау ісі ғалымдар ХХ ғасыр-
дың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан
кейін басталды. Әр элемент әртүрлі, бірақ қашан да тұрақты жыл-
дамдықпен ыдырайды. Мысалы, уранның ыдырау жылдамдығын
пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 г
ураннан 74 млн жылда 1 г қорғасын бөлінеді.
Сенің кезегің
1. Жыл санау дегеніміз не?
2. Абсолюттік жыл санаудың салыстырмалы жыл санаудан айыр-
машылығы неде?
3. Қазіргі жер бетіне ең жақын орналасқан тау жыныстары қай
кезеңге жатады?
2-сурет. Тау жыныстарындағы
4. Тау жыныстарының жасын қандай мақсатпен анықтайды?
жануарлардың қалдықтары
37

