Page 39 -
P. 39
textbooks nis edu kz
Ә. Аммониттер – Жер шарында девон мен бор кезеңдері
аралығында тіршілік еткен жануарлар түрі. Геологияда оның
маңыздылығы – бұл жануарлар белгілі тау жынысының жа-
сын анықтауда таптырмайтын құрал болып табылады.
Б. Лабиринтодонт – құрлыққа шыққан алғашқы жануар-
лардың бірі.
? 1-суретте берілген аймақтың әрбір геологиялық кезеңде жер бедері
және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өзгерісі туралы не айта А
аласың?
Геохронологиялық кестені оқи отырып, сұрақтарға жауап бер.
1. Кестедегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістер туралы не айта аласың?
2. Әртүрлі эраларда жер бедері қалай өзгеріп отырды?
3. 2-суреттегі жануарлардың геологиялық даму тарихындағы орны
қандай?
430 млн жыл бұрын 280 млн жыл бұрын
Ә
50 млн жыл бұрын Қазіргі кезде Б
2-сурет
3-сурет. Материктердің ығуы
Тапсырма 1. 3-сурет бойынша әрбір эра кезеңдеріндегі басты өзгеріс-
тер мен оқиғаларды ата. Ол үшін алдыңғы сабақтағы геохронологиялық
кес тені пайдалан.
2. 4-суреттегі Жер шары жер бедерінің өзгерісін талда.
Шығармашылық тапсырма
Триас кезеңінен төрттік кезеңге саяхат жасағаныңды елестетіп
көр. Алдыңғы сабақтағы геохронологиялық кестені және 1-су-
ретті пайдаланып, жер бедері, фауна және флораның қалай өз-
гергенін сипатта.
Сенің кезегің
1. 2-суретте мысал ретінде көрсетілген жануарларға байланысты ақ-
параттың геологиялық оқиғалар ретінде маңызын сипатта.
2. 1-суретті пайдаланып, бүгінгі күндері жойылып кеткен жануар-
лардың тізімін жаса. Олардың не себептен жойылғанына болжам
жасап көр. 4-сурет
39

