Page 43 -
P. 43

textbooks nis edu kz
                                           А – карьер иесі
                          Эскондида – 1990 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан
                        Чили мемлекетіндегі ірі мыс кен орны. 2007 жылы бұл кен орнында
                        1,5 млн т мыс өндірілді. 2 карьері бар Эскондида кен орны 2011
                        жылдан бастап жер шарындағы ең ірі мыс өндіруші кен орны болып
                        табылады. 2011 жылдың ақпан айында Лондон биржасында 1 т мыс
                        10200 АҚШ долларымен сатылған болатын. Бұл – биржа тарихындағы
                        ең қымбат баға.



                                Ә – эколог
             Эскондида мыс кен орны жылына миллиондаған тонна су шы-
           ғындайды. Мысалы, 1 т мыс өндіру үшін 200–250 т су керек. Мыс
           өндіруден бұл ауданда су қоры таусылып, жергілікті жер әлемдегі
           ең құрғақ аудандардың біріне айналып отыр. Карьер мен террикон-
           дар өте улы болғандықтан жергілікті халықтың денсаулығы мүлдем
           нашарлап, ал ауданның жер бедері өте қатты өзгеріске ұшыраған.





                                         Б – карьердегі жұмысшы
                              Эскондида мыс кен орнында 6 мыңнан астам адам жұмыс
                            істейді. Жергілікті халықтың көбісі осы кен орнында еңбек етіп,
                            күн көреді. Бүгінгі күндері мыс сымдары немесе қоспаларынан
                            5 мыңнан астам өнім өндіріледі.                       3-сурет. Эскондидадағы
                                                                                       мыс өндірісі









                          А











                                                        4-сурет


           Мен зерттеушімін

           •   4-суретте берілген А нүктесі (Эскондида карьері) 1972, 1989, 2000, 2015 жылдарда қалай өзгергенін
               анықта.
           •   Болашақта (2030 жылы) бұл кен орны қалай өзгеруі мүмкін?
           •   Бұл өзгерістер литосфераға қалай әсер етеді? Оның салдары қандай болуы мүмкін?
           •   А, Ә, Б ресурстарында берілген ақпаратпен танысып, қорытынды жаса.
           Сенің кезегің
           1.   3-суретті пайдаланып, «Литосфераның адамға әсері», «Адамның литосфераға әсері» тақырыптарына сызба сыз.
           2.   Өзің тұратын жердің жер бедері қандай шаруашылық түрін жүргізу үшін қолайлы? Таныстырылым
               жаса.



                                                                                                         43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48