Page 38 -
P. 38
textbooks nis edu kz
3.1.7 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық
кесте арқылы геологиялық оқиғаларды ажырату
Жердің және жер қыртысының жасын, олардың даму
кезеңіндегі ірі оқиғалардың уақытын анықтай білудің ма- Сен:
ңызы зор. Қазіргі кезде жердің даму тарихы ғаламшарлық ✔ геологиялық жыл санау
және геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді. Жердің мен геохронологиялық
ғаламшарлық даму кезеңі – оның алғаш ғаламшар болып кестені талдап, жер
қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі қыртысының және
тіршіліктің дамуындағы
уақыт. Жердің геологиялық даму кезеңі – Жер қыртысының ірі кезеңдері мен
алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт геологиялық
аралығын қамтиды. Осы аралықта жер қыртысында әртүрлі оқиғаларды ажыратуды
тау жыныстары түзіледі. Жердің геологиялық жасын анықтау- үйренетін боласың.
дың екі түрі белгілі: абсолюттік және салыстырмалы. Салыс-
тырмалы жыл санауда геохронологиялық кестенің маңызы
зор. Бұл кестенің маңызы тек тау жыныстарының жасын анықтауда ғана емес,
сонымен қатар Жер бетінде тіршіліктің таралу, өзгеру тарихы мен әрбір кезеңде
ірі геологиялық оқиғалардың тарихи деректер қоры болып табылады. Сен бү-
гінгі сабақта геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының геологиялық
тұрғыда әрбір кезеңде қалай өзгеретінін сипаттайсың.
А. Трилобиттер – палеозой эрасы фаунасының қалыптасуында маңызы зор
жануарлар түрі.
1-сурет. Геохронологиялық кесте
38

