Page 40 -
P. 40
textbooks nis edu kz
3.1.8 Пайдалы қазбалардың таралуы
Пайдалы қазбалардың негізі тау кені және минерал болып
табылады. Пайда болуына байланысты барлық пайдалы қазба Сен:
магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың ✔ тау жыныстарының таралу
Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір ме- заңдылықтарына сүйене
отырып, белгілі аумақтың
кенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық
пайдалы қазбаларының
(1, 2, 3 – түсті металдар: мыс, қорғасын және т.б.) болып есеп- таралуына талдау жасауды
теледі. Магма ошағынан бөлінген зат басқа тау жыныстарымен үйренетін боласың.
әрекеттесіп, жапсарлы тау жыныстарын түзеді, жер бетіне шық-
қан жағдайда олар темір мен марганецтің (4) негізін құрайды.
Жердің төменгі қабаттарында гидротермальды тау жыныстары қалыптасады. Бұл
кеннің магмадан және одан бөлінетін ыстық су қоспасынан қалыптасқанын білдіреді
(5, 6, 7 – алтын, уран, полиметалл). Магмалық тау жыныстары жанартау лық әрекет
нәтижесінде жер бетіне төгіліп жатады (8). Шөгінді тау жыныстары жер бетіне
жақын аудандарда қалыптасады. Теңіздердің түбінде жинақталған жануарлардың
қалдықтары шөгіп, мұнайдың қалыптасуына әкеледі (9). Құрлық бетінде жинақта-
лып шөккен өсімдіктердің қалдықтарынан көмір (10), ал сулы ортада мекендеген
жануарлардың қаңқалары құрамында кальцийдің көп болуынан әктас (11) секілді
пайдалы қазбалар қалыптасты. Метаморфтық жыныстар уақыт өте жер бетінен
жердің төменгі қабаттарына ығысып, ежелгі көмілген жиындарды құрайды (12).
1-сурет
? 1. Пайдалы қазбалар деген не?
2. Пайдалы қазбалардың таралуы мен тау жыныстарының таралуының арасындағы байланысты анықта.
40

