Page 48 -
P. 48

textbooks nis edu kz
            3.2.2 Климат қалай қалыптасады?



             ?   Әр аймақтың климаты неге әртүрлі?
                                                                                  Сен:
                Жер шарының аймақтарында климат әркелкі және бір-бі-
            ріне ұқсамайды. Аймақтардағы климат географиялық ендікке,             ✔	 климат қалыптастырушы
                                                                                     факторларды талдауды
            жер бедерінің пішініне, беткі жамылғысына, жергілікті жердің
                                                                                     үйренетін боласың.
            географиялық орнына байланысты. Сонымен қатар мұхиттар
            мен теңіздерге алыс, жақындығы және мұхит ағыстарына қатысты өзгереді. Мысалы, климат
            жаз айларында ыстық және құрғақ немесе салқын, жаңбырлы, қыс мезгілінде аязды, қарлы
            немесе қар аз болуы мүмкiн. Бұл өзгерiстер ауа райының өзгергiштiгiн көрсетеді. Ешқашан қыс
            жаздан жылы, ал жаз қыстан суық болмайды. Теңiздер мен мұхиттар, таулы массивтер және
            жергiлiктi жердiң басқа да ерекшелiктерi әсер етіп, ғаламшар климаты бірнеше фактор әрекеті
            нәтижесінде қалыптасады.





                                               А
                         Солтүстік поляр шеңбері
                           Солтүстік тропик
                            Экватор
                                               Ә     Күннің түсуі

                       Оңтүстік тропик

                                           Б
                  Оңтүстік поляр шеңбері

                Климат қалыптастырушы факторлар:

            ✔	 атмосфералық циркуляция;
            ✔	 Жер ғаламшарының Күнді айнала қозғалуына
               байланысты күн радиациясы;
            ✔	 теңіз деңгейінен биіктігі;
            ✔	 құрлық үсті бойынша — мұхиттар мен
               теңіздерге қатысты орналасуы.
                Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері география-
            лық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Оңтүстікке неғұр-

            лым жақын орналасқан сайын Күн сәулесі тік бұрышпен түседі
            де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылу көп болады.
            Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,
            атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол
            себептен жылу да азаяды. Күн сәулесінің түсу ерекшелігіне
            байланысты әр аймақта климат әртүрлі болады. Әртүрлі кли-
            мат көрсеткіштерін бейнелейтін графикті климатограммаға
            сызамыз. Климатограммалар көрсеткіштері арқылы климат-
            тық белдеулерге тән ерекшеліктерді анықтауға болады.


              48
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53