Page 53 -
P. 53
textbooks nis edu kz
? 1. 1-суретті мұқият қарап, дүниежүзінің климаттық картасынан негізгі және өтпелі климаттық бел-
деулерді ата. Олар бір-бірінен қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?
2. Ауа массалары дегеніміз не? Ауа массаларының бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар?
Тапсырма 1. А. 2-суреттегі картадағы A, Ә, Б, В, Г, Ғ нүктелерін, негізгі және өтпелі белдеулерді климат
картасынан анықта. Ә. Климаттық белдеулермен сәйкестендір және кескін картаға белдеулерді түсір.
2. 2-3-суреттерді пайдалана отырып:
а) жауын-шашын ең көп және ең аз түсетін белдеулерді;
ә) температурасы ең жоғары және ең төмен белдеулерді анықта;
б) неліктен жауын-шашын аз және көп, температураның жоғары не төмен екенін талда.
Жауын-шашын, мм
25–50 мм
50–100 мм
127–470 мм
500–527 мм
527–500 мм
500–630 мм
630–750 мм
750–870 мм
870–1000 мм
1000–1250 мм
1250–1500 мм
1500–1750 мм
1750–2000 мм
2000–2500 мм
2500–3000 мм
3000–3750 мм
3750–5000 мм
5000 мм
3-cурет. Дүниежүзілік жылдық жауын-шашын көрсеткіші
Мен зерттеушімін
1. 2-суреттегі картадан A, Ә, Б, В, Г, Ғ климаттық белдеулері орналасқан нүктелердегі жауын-ша-
шын және температура ерекшеліктерін анықтап, байланысын түсіндір.
2. Климаттық белдеулердегі жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипатта.
3. Әр климаттық белдеудің ерекшелігін кесте түрінде көрсет.
Мен зерттеушімін
1-2-суретті және физикалық картаны пайдаланып, А нүктесінен Ғ нүктесіне дейін әр климаттық
белдеуге жоспар бойынша саяхат жаса.
Климаттық белдеудегі (A, Ә, Б, В, Г, Ғ ) нүктелердегі бір қаланы таңда.
Қаладағы жыл мезгілдерінің ерекшелігін сипатта.
Өмір сүру үшін қайсы белдеу қолайлы немесе қолайсыз екенін бағала.
Өз саяхатыңмен бөліс.
53

