Page 51 -
P. 51

textbooks nis edu kz
             2-суретте атмосфералық циркуля-                            Полярлық
                                                                      ауа айналымы
          цияның аймақтық типі бейнеленген.
          Үнемі полюстер маңында (Арктика               Қоңыржай ендіктің
          және Антарктида) ауа суынып, сал-               ауа айналымы
          мағы ауырлап, төмен қарай бағыт-                                      Батыстық ауысым
          талады. Содан полюс тер маңында                   Хэдли            Субтропиктік максимум
          жоғары (+ + + + ) қысымды белдеу               айналымы
          қалыптасады. Бұл ауа қысымын қо-           Ішкі тропиктік          Солтүстік-шығыс пассат
          ңыр жай ендіктен келген ауа ағын-              белдеу
                                                    конвергенциясы            Оңтүстік-шығыс пассат
          дары  қалыптастырады.  Осының                                      Субтропиктік максимум
                                                           Хэдли
          әсерінен қоңыр жай ендікте төмен               айналымы
          қысымды белдеу қалыптасады.                                           Батыстық ауысым
             Ал экваторлық ендікте Күн сәулесі-       Қоңыржай ендіктің
          нің тіке түсуіне байланысты темпера-          ауа айналымы
          тура үнемі жоғары болады. Осының                              Полярлық
          әсерінен күшті қызған ауа көлемі ұл-                        ауа айналымы
          ғайып, жеңілдеп, жоғары көтеріледі.
                                                                3-сурет. Ғаламдық ауа айналымы
          Бұл аймақта тұрақты ауа қозғалысы
          пайда болады. Содан экватор маңында төменгі (- - - ) қысым белдеуі
          қалыптасады. Экваторда төмен қысым және үнемі қызып тұратын ауада
          ылғалдылық мөлшері көп болады. Жоғары көтерілген ауа салқындап,
          экватор аймағында жауын-шашын мөлшерін көбейтеді. Көтерілген ауа
          белгілі бір биіктікте суып, төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы
          қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Тропиктік белдеуде қысым
          жоғары болғандықтан ауаның басым бөлігі экваторға қарай қозғалады.

          Тапсырма   3-суреттегі ауа қозғалысын қалай түсіндің? Өз түсінігің бойынша атмос-
          фералық қысым аймақтарының қалыптасуы мен тропосферадағы ауа қозғалысын
          кесте түрінде сыз.

             Ауа массасы әрқашан жоғары қысым ауданынан төмен қысымды ай-
          мақтарға қарай ығысып отырады, олар тұрақты желді қалыптастырады.
          Мысалы, тропиктегі ауаның басым бөлігі экваторға бағытталады. Олар
          – пассаттар. Ал қалған бөлігі қысым сәл болса да төмендеу қоңыр жай
          белдеуге таралып кетеді. Ол да тұрақты қозғалыс, батыс желдер деп
          аталады.

          Тапсырма   Пассат және батыс желдердің пайда болу себептерін, пайда болу ай-
          мақтарын анықта. Олардың климат қалыптастырудағы маңызы қандай? Климатқа

          әкелетін өзгерістерін нақты мысалдармен дәлелде.

           Сенің кезегің
           1.  3-суреттегі ғаламдық ауа айналымын сипатта.
           2.  Ауа бір қысым белдеуінен екінші қысым белдеуіне қалай ауысады?
           3.  Тұрақты желдер қалай қалыптасады?
           4.  Не себепті экваторға жақын орналасқан тропикте қысым жоғары?
           5.  Атмосфераның ғаламдық айналымының маңызын сипатта.




                                                                                                         51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56