Page 49 -
P. 49

textbooks nis edu kz
          Тапсырма   1-сызбадағы климат қалыптастырушы факторды сипаттап,
          күннің А, Ә, Б аймақтарына түсу ерекшелігі климаттық белдеулердің
          қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндір.
                                                                                                   А
          Климат қалыптастырушы факторлардың өз аймағыңның климатын қа-
          лыптас тыруға әсерін анықта.
             Белгілі бір аймақтың, қаланың ұзақ уақыт бойы қалыптас-
          қан климат ерекшеліктерін, әсіресе түскен жауын-шашын
          мөлшерін, температурасын сызба түрінде бейнелейді. Ол
          сызбаны климатограмма деп атайды. Сызбада тәулік, ай                            1-сызба
          немесе жыл бойы түскен жауын-шашынды бөліп, орташа
          айлық мөлшерін шығарады. Сол сияқты тәулік, ай немесе
          жыл бойы өзгеріп тұратын орташа температураларды есеп-
          теп шығарады. Климатограммаларды оқи отырып, аймақтың
          қандай климаттық белдеуге жататынын анықтап, климаттық
          құбылыстарын талдауға болады. 2-сызбада Нұр-Сұлтан қа-
          ласының климатограммасы берілген. Сызбада түстермен
          климатограмманың басты элементтері берілген.

          ?   1. Климатограммада қандай атмосфералық құбылыстар сызылады?
             2. Климатограмма сызу үшін қандай мәліметтер керек?                   2-сызба. Нұр-Сұлтан
             3. 2-сызбадағы Нұр-Сұлтан қаласының орташа жылдық температу-      қаласының климатограммасы
             расы мен жауын-шашын мөлшерін анықта.






















                 3-сызба                   4-сызба                    5-сызба


           Мен зерттеушімін
               әсерін талда.    сәйкестендір.
           1.  1-сызбада Еуразия картасындағы А, Ә, Б нүктелерін 3–5-сызбада бейнеленген климатограммамен

           2.  3–5-сызба қандай климаттық белдеулерге тән екенін анықта.
           3.  Оман, Нью-Дели, Якутскінің климаттық ерекшеліктерін сипаттап, климат қалыптастырушы факторлардың

           4.  4-5-сызбадағы қалалар климатограммасын:
               а) жауын-шашын мөлшері; ә) температурасы;
               б) бұл аймақтарға климат қалыптастырушы факторлардың әсері бойынша салыстыр.
           5.   Климатограмманы сызу және ондағы мәліметтер не үшін қажет?



                                                                                                         49
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54