Page 50 -
P. 50

textbooks nis edu kz
            3.2.3 Атмосфераның ғаламдық циркуляциясының

            қалыптасуы




             ?   Ғаламдық атмосфералық циркуляция қалай жүреді? Біз оны бақылай   Сен:
                аламыз ба?
                                                                                  ✔	 атмосфераның ғаламдық
                Жердің Күнді айнала қозғалуы әсерінен экватордан полюс-
                                                                                     циркуляциясын талдауды
            терге қарай Күн сәулесінің түсу бұрышы кемитінімен алдыңғы               үйренетін боласың.
            сабақта таныстың. Жер шарына Күннің әркелкі түсуі мен Жердің
            өз білігінен айналуы әсерінен атмосфералық қысым белдеулері
            қалыптасады. Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген
            бөлігінде үздіксіз өзгеріп отырады. Оның өзгеруіне температура
            мен ауаның үздіксіз қозғалыста болуы әсер етеді. Температура
            төмен болған сайын қысым жоғары, ал температура жоғары
            болған сайын қысым төмен болады. Осыған байланысты жер
            бетінде (жер бетіне жақын ауа қабатында; 1-суреттегі сызба)
            3 төменгі және 4 жоғары белдеу қалыптасады.

                                       жоғары атмосфера шептері
                                                жел бағыттары
                      төмен қысым мен жоғары ылғалдылықтағы циклонды
                                           ауа қозғалысы белдеуі
                             жоғары қысым мен төмен ылғалдылықтағы
                                 антициклонды ауа қозғалысы белдеуі
                      солтүстіктен оңтүстікке ғаламдық ауа айналымының тік
                                  және көлденең қозғалыс бағыттары
                                                                                             1-сурет
             ?   1. Климаттық белдеулерде қысымның әртүрлі болуына және өзгеріп
                отыруына қандай факторлар әсер етеді?
                2. Жер шарында қанша төмен және жоғары қысым белдеулері бар?
                3. Төменгі қысым белдеуі мен жоғары қысым белдеуіндегі климат
                құрамбөліктерінің айырмашылығы неде?

                 Тропосфераның жоғары шегарасы                                 Тропосфераның жоғары шегарасы




















                                           2-сурет. Тропосферадағы ауа қозғалысы



              50
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55