Page 52 -
P. 52

textbooks nis edu kz
            3.2.4 Климаттық белдеулер



             ?   Неліктен біздің елімізде жылдың төрт мезгілі айқын байқалады? Қыс
                пен жаз айларының ерекшеліктері қандай?                           Сен:
                Жер  ғаламшарындағы  климаттық  белдеулерді  ғалым                ✔	 климаттық белдеулерді
                                                                                     атауды, картадан
            Б.П. Алисов зерттеп, негізгі және өтпелі белдеулерге ажыратқан.
                                                                                     көрсетуді, талдауды
            Климаттық белдеулер күн радиaциясына, ауа температурасы-                 және салыстыруды
            ның полюстерден экваторға карай артуына, ылғалдылық және                 үйренетін боласың.
            жауын-шашын түсуінің ерекшеліктеріне және ауа массаларының
            алмасуына негізделген. Климаттық белдеулердің қалыптасуына
            ауа массаларының ықпалы зор. Негізгі климаттық белдеулерде
            (полярлық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық) жыл бойы бір ауа
            массасы басым болады. Олар бір-бірінен температура, ылғалды-
            лығы және мөлдірлігі бойынша ерекшеленеді. Ауа массалары бір
            жерден екінші жерге көшіп, ауа райын түзеді.
                Ал өтпелі климаттық белдеулер негізгі климаттық белдеулер
            арасында орналасқандықтан екі түрлі ауа массасының ықпа-                     Ауа массалары
            лында болады. Өтпелі белдеулерге «суб» (латынша – кіші, таяу)
            деген сөз қосылып айтылады. Мысалы: субэкваторлық белдеудің                   С. Е.    С. Е.
                                                                                          90°      90°
            жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас.                Жаз               Қыс
                                                                                          70°
                                                                                                       60°
              Арктикалық және антрактикалық климат-  Қоңыржай белдеуде жыл мезгілдері   40°
              тық белдеулер екі жартышардың полюс    айқын байқалады. Белдеу теңіздік                     30°
              маңын алып жатыр. Жыл бойы суық ауа    және континенттік болып бөлінеді.   20°
              массалары ықпалында болады. Жердің     Солтүстіктен полюстік суық ауа   экватор              10°
              мұзды-қарлы беттері күн сәулесін кері   массалары, оңтүстіктен жылы ауа   0°                  0°
              шағылдырады. Күннің түсуі 180 градус.   массалары әсер етеді. Жылдық тем-  30°               20°
              Сондықтан бұл аймақта температура      пература ауытқуы жоғары болады.  60°
              мен ылғалдылық өте төмен.     А                                                             40°
                                              Ә                                        70°
                                                                                                     70°
                                                                                     Қыс
                                                                                          90°      90°
                                                       Б                                  О. Е.    О. Е.
                                                                                      Арктикалық (антарктикалық)
                                            Г      В                                  Қоңыржай
                                                                 Ғ
                                                                                      Тропиктік
             Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік
             ауа массаларының ықпалында болып,          Экватор  белдеуінде жыл бойы   Экваторлық
             тұрақты жоғары қысым байқалады. Бұл        экваторлық ауа массалары ық-
             белдеуде жер шарындағы ірі шөлдер ор-      палында болады. Күн сәулесі-
             наласқан. Соның бірі – Сахара, Африка      нің мол түсуіне байланысты ауа   Климаттық белдеулер

             құрлығының 30%-ын алып жатқан шөл          температурасы жоғары және
             жыл бойы солтүстік пассаттың әсерінде      тұрақты сақталады. Жылдық
             болады.  Бұл аймақта ылғалдылық тө-        температура ауытқуы аз. Ал   1-экваторлық
             мен, ал буланушылық жоғары.                жаңбырлы күндер жылына 200   2-субэкваторлық
             Сондықтан  құрғақшылық болады.             күн және одан да көп болуы   3-тропиктік
                                                        мүмкін.
                                                                                  4-субтропиктік
                                                                                  5-субантарктикалық
                                                                                  6-арктикалық
                                                                                  7-антарктикалық
                               1-сурет. Климаттық белдеулер                                  2-сурет



              52
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57