Page 54 -
P. 54
textbooks nis edu kz
3.2.5 Климаттық белдеулердің бір-бірінен ерекшелігі
? Екі құрлықта орналасқан ұқсас климаттық белдеулердің ерeкшелігі Сен:
қандай?
✔ әр материкте орналасқан
Климаттық белдеулер ендік бойымен таралып, экватордан
ұқсас климаттық
полюстерге қарай өзгереді. Экватор аймағында күн ысып, белдеулерді салыстыруды
ал полюстерге қарай салқындайды. Климаттық белдеулер үйренетін боласың.
солтүстік және оңтүстік жартышарда бірдей таралған. Сол-
түстік жартышарда Еуразия және Солтүстік Америка құрлық-
тарында климаттық белдеулер ендік бойымен созылады.
Сондықтан климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді.
Солтүстік Америкада солтүстік жартышардағы экваторлық
белдеулер кездеспейді. Себебі құрлық ауданы Еуразияға 66,5 0
Солтүстік полюс
қарағанда кіші және солтүстік полюске жақын орналасқан. Солтүстік суық
Ал Еуразия құрлығын арктикалық, субарктикалық, қоңыр-
жай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық Солтүстік қоңыржай
климаттық белдеулер кесіп өтеді. Оңтүстік жартышардағы
Оңтүстік Америка, Африка, Аус тралия құрлықтарында да Ыстық
климаттық белдеулер ендік бойымен таралған. Оңтүстік қоңыржай
Оңтүстік Америка құрлығының солтүстігінде экваторлық
Оңтүстік полюс
белдеу жатыр, бірақ оның негізгі бөлігі оңтүстік жартышарда. Оңтүстік суық
Жер осі
Құрлықтың ең енді бөлігі тропиктік белдеудің аралығында,
субтропиктік және қоңыржай белдеулер құрлықтың оңтүс- 1-сурет. Климаттық белдеулер
тігіндегі енсіз және тілімделген шетінде таралған.
Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлығында орналасқан
қоңыржай белдеулерді салыстырайық. Қоңыржай белдеу
солтүстік жартышарда аса кең аумақты қамтиды, ал оңтүс-
тік жартышарда аз аумақты алады (1-сурет). Бұл белдеуге
климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын
өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары
да мау сым бойынша өзгереді, мысалы: өзендер мен көл-
дердің қатуы және мұзының еруі, өсімдіктердің өніп-өсуі,
жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әре-
кетіндегі өзгерістерге әсер етуі.
Оңтүстік жартышарда қоңыржай белдеу Оңтүстік Америка
материгінде Аргентина мемлекетінің оңтүстік бөлігін қамтиды.
Елдің солтүстігінде субтропиктік, орталығында ылғалды
тропиктік, ал оңтүстігінде қоңыржай климаттық белдеу
орналасқан.
Тапсырма 1. Оңтүстік Американың климаттық картасы мен ауа темпе-
ратурасы картасын салыстыр. 2-сурет. Оңтүстік Американың
2. Температураның өзгеруіне қандай факторлар әсер еткенін анықта.
климаттық картасы
54

