Page 13 -
P. 13
textbooks nis edu kz
1.4 Түрлі географиялық модельдер жасау
Географиялық модельдеу – географиялық нысанның кі-
шірейтілген үлгісін жасаудағы тәжірибеге негізделген зерт- Сен:
теу әдісі. Географияда жиі қолданылатын модель түрлеріне географиялық нысандардың,
құбылыстардың және үде-
глобус, карта және жергілікті жердің планы жатады. Бірақ рістердің модельдерін түрлі
кез келген жер бедерінің (тау, жота, жазық, ойпат, шатқал), материалдардан немесе түрлі
қаланың кішірейтілген моделін қолда бар материалдардан техникаларда жасау арқылы
құрастыруға болады. ерекшеліктері мен қасиетте-
рін білетін боласың.
География сабағында қолдануға ыңғайлы модель түрлері:
✔ физикалық географияда – имитациялық модельдер;
✔ экономикалық географияда – графикалық
модельдер қолданылады;
✔ 3D форматындағы модельдер компьютерде графикалық
редакторлық бағдарламалар арқылы құрастырылады.
1. Физикалық географиядағы имитациялық модель-
деу түрлері. Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты
географиялық нысанның (төбе, жота, тау, шатқал) пішінін
жоғары дәлдікпен қолдан жасау. Географиялық нысанды
зерттеу, сипаттау мақсатында қолданылады.
1-сурет. Фудзияма жанартауы
Мен зерттеушімін!
Дүниежүзінің танымал белгілі бір жанартауын зерттеп (мысалы,
Фудзияма жанартауы), оның моделін қолдан жасап көрейік.
1-кезең. Картографиялық және теориялық зерттеулер жүргізу.
1.1. Жанартау туралы ақпарат жинау.
1.2. Жанартаудың қайда орналасқанын картадан анықтау.
2-кезең. Жанартау моделін жасау.
2.1. Жанартау жасауға қажетті материалдарды даярлау (ермексаз,
қатты қағаз, қайшы, желім, әртүрлі бояулар және т.б.).
2.2. Жанартау моделін құрастыру.
✔ Модель жасау үшін оның графикалық үлгісін
А Ә
сызу керек (2-суреттегі А қадамы).
✔ Әртүрлі заттарды (ермексаз) қолдана отырып, жанартау
моделін суретте көрсетілгендей жасау қажет (Ә, Б, В қадамы).
✔ Жанартаудың моделін жасағаннан кейін оның
таныстырылымын дайындау (жанартаудың
құрылысы, биіктігі, ерекшелігін қамту арқылы).
2. Графикалық модельдер. Географияның кейбір та-
рауларында үдерісті имитациялық модельмен көрсете ал-
Б В
маймыз. Сондықтан графикалық модельдер қолданылады.
2-сурет. Имитациялық
Графикалық модель түрлері сызбада берілді.
модельді жасау үлгісі
13

