Page 11 -
P. 11

textbooks nis edu kz
          1.3 Географиялық деректерді талдау



             Деректер ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Әр-
          түрлі ғылым саласының ерекшелігіне байланысты деректер               Сен:
          әртүрлі болады. Мысалы, тарихи деректер, жазба деректер,             географиялық деректерді
                                                                               (сандық және сапалық) тал-
          ауыз әдебиеті арқылы жеткен деректер және т.б. Ақпараттың            дауды үйренетін боласың.
          мазмұны деректің шынайылығына да байланыс ты. Қазіргі
          кезде деректің кең тараған екі түрі бар. Олар: сандық және
          сапалық деректер.
             Сандық деректер. Кез келген географиялық нысан немесе көрсеткіштер
          санмен берілсе бұл сандық деректер болып табылады. Сандық деректер мә-
          тінде, картада, суреттерде, диаграммада және т.б. кездеседі. Осы сандарды
          талдай отырып, белгілі бір қорытынды шығаруға, болжам жасауға болады.
          Сандық деректер фактілерден, статистикалық сандардан тұрады.
             Сапалық деректер. Кез келген географиялық нысанды немесе құбылыс-
          ты сипаттайтын деректер сапалық деректер бола алады. Сапалық деректер
          арқылы «Неге? Қалай? Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
             Біз сандық және сапалық деректерді түсіну үшін Қазақстандағы туризмнің да-
          муына зерттеу жүргізейік. Мақсатымыз – «Қазақстанның қай аймағында туризмді
          жақсы дамытуға болады?» деген сұраққа жауап іздеу. Мақсатқа жету үшін сан-
          дық және сапалық деректерді жинақтап, талдап, бір қорытынды шығару керек.

            Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмі                                             Айына/АҚШ доллары
            Шетелге шығатын туристер санының динамикасы

                                                                                 11,2          646
            Жылына млн адам                                               9,1
                                                               6,4   7,4                       527
            2012 жылға болжам                              5,2
                                            3,0      4,5
                                      2,9      3,2
                                2,4                           Қазақстан халқының саны, 2017 ж.  Орташа еңбекақы  428
                           2,3
                1,2  2,3                                              16,8 млн адам.           256

              2000  2001  2002  2003  2004  2005  2006  2007  2008  2009  2010  2011  2012     101

             Туризмге арналған негізгі 5 аймақ   Қазақстан аймақтары бойынша туристердің таралуы

                                                                                   1,2%
                                         Түркия              1,5%    3,2%                           2,0%
                         38,3%
            2,5%      Таиланд     Қытай                                    2,9%    1,0%    3,0%


                                                               2,0%
                                                                                     3,4%
                                      26,4%
                                                                                              6,5%
                                                                              0,2%
                                                               6,7%                    0,5%         Алматы
            7,6%      БАӘ                                                                            56,3%
                            16,4%     Еуропа
              1-сурет. Қазақстандағы туризмнің дамуы


                                                                                                         11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16