Page 12 -
P. 12
textbooks nis edu kz
Сандық деректерді қалай жинайды?
Біріншіден, картадан Қазақстандағы туризмді дамытуға
мүмкіндік беретін аймақтарды анықтаймыз.
Екіншіден, статистикаға жүгінеміз. Мысалы: «Жыл сайын
қанша турист келеді? Қазақстанның қай аймағына барады?»
деген сұрақтарға мәліметтер іздейміз.
Үшіншіден, бізге әлі де статистикалық мәліметтер керек.
Ол үшін сауалнамалық сұрақтар құрастырамыз.
Сауалнаманы кемінде 100 адамнан алған орынды. Сау-
алнама алып болғаннан кейін сандық деректерді шығару
керек. Осы деректерді диаграмма түрінде сызып, көрнекі
түрге келтіруге болады. Сандық деректерді талдау арқылы
белгілі бір шешімге келіп, қорытынды шығару керек.
2-сурет. Үлкен Алматы көлі
Сапалық деректерді қалай жинайды?
Бірінші кезекте теориялық білімге жүгіну керек. Яғни,
Қазақстандағы туризм туралы жан-жақты мәліметтерді қа-
рас тырамыз. Мысалы, суы тұзды, шипалы көлдер. Сирек
кездесетін жануарлар т.б. тіршілік етеді. Бұл да туристерді
қызықтыруы мүмкін.
Сапалық деректерді де сандық деректер сияқты сауална-
ма арқылы жинақтауға болады. Бірақ сауалнамадан ерекше-
лігі біз санға негізделмейміз, керісінше сапаға көңіл бөлеміз.
Бізді толғандырған сұрақтар тізімін құрастырамыз. Олар
мынадай болуы мүмкін:
1. Қазақстанның қай аймағында туризмді дамытуға бо-
лады?
3-сурет. Туристерге
2. Ол аймақты дамыту неліктен маңызды?
арналған карта
3. Сол аймақта қандай қызмет түрлері болғаны дұрыс?
Осы үш сұрақты жазбаша немесе ауызша түрде көптеген
адамға қойып, олардың пікірін білу керек.
Қорытындылай отырып, сандық және сапалық деректерді
талдау арқылы Қазақстанның қай аймағында туризмді да-
мытуға болатыны туралы шешім шығарылады.
Сенің кезегің
1. Сандық дерек пен сапалық деректің айырмашылығы неде?
2. Деректерді талдауды біржақты ғана қарастыру (мысалы, тек
сандық деректі ғана қолдану) қаншалықты тиімді/тиімді емес?
Жауабыңды дәлелде.
Шығармашылық тапсырма Сабақ барысында жүргізген деректермен
талдау жұмысын, жергілікті аймақтағы өркендетуге болатын бір саланы 4-сурет. Туристерге
зерттеуге пайдалан. Қорытындысын сыныптастарыңмен бөліс. арналған шатыр
12

