Page 81 -
P. 81

textbooks nis edu kz
          муссондар таралуының шалғайдағы аймақтары) байқалады.
          Ылғалдылығы қолайлы зона (К=1) – атмосфералық жауын-ша-
          шынның жылдық жиынтығы шамамен оның булану мүмкінді-
          гінің мөлшеріне тең. Жалпақжапырақты орман, орманды дала,
          ылғалды саванна ландшафтарын қамтиды.
             Жылу мен ылғалдың таралуы ылғалдылық коэффициенті-
          мен көрсетілуі мүмкін. Түрлі температурада жер бетінен ылғал
          әртүрлі мөлшерде буланады. Осы температурада су бетінен
          буланатын ылғал мөлшері буланушылық деп аталады.
             Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсім-
                                                                                 t0   Туруханск, Ресей    mm
          діктер және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Ылғал
          мен жылу мөлшерінің таралуына байланысты әрбір зонада
          зат және энергия айналымдары жүреді, климат типтері қа-
          лыптасады. Осыған байланысты өсімдіктер мен жануарлар
          бе йімделіп тіршілік етеді.
              Табиғат зоналарын жазықтарда – ендік белдеулік, таулар-
          да –  биіктік белдеулік деп атайды. Себебі, жазықтарда табиғат
                                                                                 I  II  III IV  V  VI VII VIII IX  X  XI XII
          зоналары ендік бойынша таралса, тауларда биіктік бойынша
                                                                               2-сурет. Орман ландшафтысы
          өзгереді. Табиғат зоналарының алмасуын өсімдік жамыл-
                                                                               және оның климатограммасы
          ғысының алмасуы арқылы байқауға болады. Жер бетіндегі
          жазықтарда, тауларда және мұхиттың тереңдігінде тіршілік
          түрлерінің таралуы мен өзгерістерін анықтауға болады.
             Табиғат жағдайы мен ландшафт түрлерінің биіктікке
          қарай өзгеру заңдылығы биіктік белдеулік деп аталады.                Сенің кезегің
          Белдеулердің алмасуы биіктікке қарай таудың етегінен бас-            1.  Табиғаттағы  зоналылық
          талады. Жазық жермен салыстырғанда алмасу өте жылдам                     дегеніміз не?
          жүреді, 100 м биіктіктегі өзгеріс жазық жердегі 80–100 км            2.  Биіктік белдеулік дегеніміз
          табиғат өзгерісімен деңгейлес болып келеді.                              не?
             Биіктік белдеулік заңдылығы бойынша биікке көтеріл-               3.  Табиғат зоналарын қандай
          ген сайын температура төмендеп, ылғал мөлшері белгілі                    факторлар қалыптастыра-
                                                                                   ды?
          бір биіктікке дейін артады. Белдеулердің жиынтығына тау
          беткейлерінің жату бағыты, еңкіштігі, бұлттылық дәрежесі             4.  Табиғат кешені мен табиғат
                                                                                   зонасы арасындағы байла-
          де әсерін тигізеді.
                                                                                   ныс қандай?
             Әрбір тау жүйесінің өзіне тән биіктік белдеулер жиынтығы
                                                                               5.  Жер бетіндегі табиғат зо-
          бар. Ол тау жүйесінің географиялық орны мен биіктігіне, тау
                                                                                   наларының біркелкі тарал-
          жоталарының жату экспозициясына байланысты қалыптасады.                  мау себебін қалай түсінді-
                                                                                   ресің?

          Тапсырма   1-2-суретте берілген ландшафтардың табиғат зоналарын      6.  Табиғат зоналарына жылу
          карта арқылы анықта. Табиғат зоналарының қалыптасуына климаттың          мен ылғалдың әсерін қан-
          әсерін климатограмма арқылы талда. Анықталған табиғат зоналарының        дай өзгеріс терден көруге
          табиғат кешеніне жоспар бойынша сипаттама бер.                           болады?
          1.  Климат:  а)  температура;  ә)  жауын-шашын  мөлшері;  б)  маусым;     7.  Табиғат зоналары карта-
          в) басым ауа массалары.                                                  сында  шартты  белгілер
          2. Өсімдіктер: а) өсімдік түрлері; ә) сабағының жуандығы; б) биіктігі;     түстерінің  әртүрлілігіне
          в) түсі; г) жапырақ мөлшері.                                             қандай  түсініктеме  бере
          3. Топырақ: а) топырақ түсі; ә) топырақ қабаты; б) құнарлылығы (құнар-   аласың?
          лы, құнарсыз).


                                                                                                         81
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86