Page 79 -
P. 79
textbooks nis edu kz
Әрбір аумақтың табиғат ерекшеліктеріне, тіршіліктің бейім-
делуіне қарай түрлі фауналар, мысалы, дала фаунасы, шөл
фаунасы қалыптасады.
Биосфераның 98%-ын жер бетіндегі өсімдіктер құрайды.
Жер шарында өсімдіктердің 500 миллионнан астам түрі бар.
Құрлықтың шамамен 62 млн км² жерін өсімдіктер мен ор-
ман алып жатыр. Орман топырақтағы ылғалды сақтай оты-
рып, су балансын тұрақтандырады (3-сурет). Ылғалды жер
өсімдік жамылғысы мен жануарлардың көбейе түсуіне ық-
пал етеді. Орманды алқаптардағы жерасты сулары өзендер
мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені,
дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы
әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. 3-сурет
Құрлықтарда жасыл өсімдіктердің, ал мұхиттарда жа-
нуарлардың үлес салмағы басым болады. Құрлықтардағы
тіршілік дүниесінің басым көпшілігі тропиктік ормандарда
(500 т/га-дан астам) шоғырланған, ал ең төменгі көрсеткіш
биік тау басы, шөлдер мен полярлық аймақтарға тән. Құр-
лықтағы тіршілік дүниесінің таралуы күн жылуы мен ылғал-
дың түсу мөлшеріне тәуелді.
«Биосфера» тарауындағы әртүрлі табиғат кешендеріндегі
құрамдас бөліктердің өзгерістері мен олардағы тіршіліктің
таралуын жер бетіндегі ең биік шың – Джомолунгмадан
(8848 м-ден) бастап, ең терең Мариана шұңғымасына (теңіз
деңгейінен 11022 м төменге) дейін бақылай аласың (4-сурет).
? 1. 1-2-суреттегі ландшафтар қай климаттық белдеуде орналасқан?
2. Табиғат құрамбөліктері биіктеген сайын қандай өзгерістерді бай-
қауға болады? 4-сурет. Ең биік
шың – Джомолунгма
Сенің кезегің
1. Флора, фауна дегеніміз не?
2. Биосферада фауна мен флораның маңыздылығы қандай?
3. Жер бетінде флора мен фаунаның үлес салмағы қандай?
4. Қандай өсімдіктер бірлестігіне мысалдар келтіре аласың?
5. Түрлі фауналық кешеннің мекен етуші жануарларына мысалдар келтір.
6. Биосферадағы орманның рөлін ескере отырып, орманды тағы қалай атауға болады?
7. Жер бетіндегі флора мен фаунаның таралуына қандай факторлар әсер етеді?
8. Оқулықтың 1-2-суретіндегі ландшафтарға жоспар бойынша сипаттама жаз. Түрлі тақырыптық карта-
ларды қолдан.
8.1.Табиғат кешенінің атауы.
8.2. Табиғат кешеніне ылғал мен жылу, жарық құрамбөліктерінің әсері.
8.3. Кешенге тән топырақ түрі.
8.4. Флора қауымдастығы.
8.5. Табиғат кешенінде мекендейтін фауна өкілдері.
79

