Page 77 -
P. 77
textbooks nis edu kz
3-тапсырма. Еуразия материгіндегі өзендердің климатқа тәуелділігін
кестеде көрсет.
Су апаттарының
Климаттық белдеу Өзендер атауы Қоректенуі Өзен режимі
атаулары
4-тапсырма. Перу мұздықтарының1978 және 2011 жылдардағы
суреттерін пайдалана отырып, климаттың өзгерісін талда. Мұндай өз-
герістердің экологиялық, экономикалық салдары қандай?
Перудегі Андес қаласында орналасқан Кори Калис мұздығы мұз және
қар қабаттарымен жабылған бірнеше тау массивінен тұрады. Огайо
университетінің гляциологтары анықтағандай, жарты ғасырдың ішінде
мұздықтар шамамен бір шақырымға кері шегінген.
Сенің кезегің
1. Құрлық сулары қалай жіктеледі?
2. Құрлық суларын қалыптастырушы факторлардың әсері мен маңыз-
дылығы үлесі бойынша ретімен жазып шық, жауабыңды түсіндір.
2. Өзеннің анықтамасын айтып бер. Өзеннің қандай өлшеу параметр ле-
рі бар? Олар қандай шамамен өлшенеді? Олар қандай шаруашылық
мақсаттармен есептеледі? Қазақстан өзендерінің негізгі сипаттама-
лары мен географиясын еске түсір.
3. Көлдің анықтамасын айтып бер. Көлдің қандай өлшеу параметрлері
бар? Олар қандай шамамен өлшенеді? Олар қандай шаруашылық
мақсаттармен есептеледі? Қазақстан көлдерінің географиясы мен
ерекшеліктерін еске түсір.
4. Батпақтар – батпақтанған аумақтың артықшылығы ма, әлде кемшілігі
ме? Жауабыңа дәйек келтір.
5. Мұздықтар қалай пайда болады? Мұздықтардың түрлері қалай ерек-
шеленеді?
1978 жыл, Кори Калис, Перу мұздықтары 2011 жыл
77

