Page 83 -
P. 83

textbooks nis edu kz



















                               Тундра                                             Тайга

          көбірек таралған. Астық тұқымдастар басым өседі, жануар-
          лардан – кемірушілер, жыртқыштар (қасқыр, түлкі, аққалақ)
          кездеседі. Далалық жердің көпшілік бөлігін ауыл шаруашы-
          лығы жерлері алып жатыр. Далалық жер АҚШ-тың орталық
          батысында, Украинада, Поволжье мен Қазақстанда таралған.
             Шөлейт және шөл зоналары екі жартышардың қоңыр-
          жай, субтропиктік және тропиктік белдеулері шегінде тара-
          лады. Жауын-шашын мөлшері буланушылық көрсеткішінен
          10–20 есе аз, бұл тіршіліктің таралуы мен даму мүмкіншілігін
          барынша тежейді. Өсімдік жамылғысы өте жұтаң, топырақ
          жамылғысы нашар жетілген.
             Саванна және сирек орман зонасы, негізінен, субэква-
          торлық белдеуге тән, бірақ табиғатта тропиктік, тіпті суб-
          тропиктік белдеулерде де кездеседі. Саванна зонасының
          ең басты белгісі – ылғалды және құрғақ кезеңдердің айқын
                                                                                         Саванна
          ажыратылуы. Ылғалды кезең ұзақтығы экватор маңынан қа-
          шықтаған сайын (8–9 айдан 2–3 айға дейін) қысқара береді.
             Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар субтропиктік,
          тропиктік, субэкваторлық және экваторлық белдеулердің
          бірқалыпты ылғалды климат таралған аудандарын алып
          жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем
          түспейтін, ауа температурасы жыл ішінде аса үлкен ауытқу-
          ларға ұшырамайтын бөліктерде таралады. Бұл ормандарды
          А. Гумбольдт гилея деп атаған. Орман ағаштары аса биік,

          бірнеше қабатты болып өседі.
             Тауларда биіктеген сайын ауа райы өзгереді: температу-
          раның, атмосфералық қысымның төмендеуі байқалады, от-
          тек мөлшері азаяды, 2–3 км биіктікке дейін бұлттылық және
          атмосфералық жауын-шашын мөлшері артады. Тауларда
                                                             0
          әр километр биіктеген сайын температура 6  С төмендеп
          отырады. Биіктік белдеудің төменгі зонасы тау орналасқан
          зонасынан басталады.                                                         Сирек орман



                                                                                                         83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88