Page 80 -
P. 80
textbooks nis edu kz
3.4.2 Табиғат зоналарының қалыптасуы
Табиғат кешендерінің климаттық жағдайына қарай эк-
ватордан полюстерге қарай өзгеруін табиғат зоналары Сен:
деп атайды. Табиғат кешенін құрайтын басты элементтерге ✔ табиғат зоналары мен
климат, топырақ, өсімдіктер, жануарлар жатады. биіктік белдеулерінің
Табиғат зоналарының қалыптасуы күн жылуының таралуына қалыптасуын талдауды,
(яғни, географиялық ендікке) тәуелді. Күн жылуының таралуы салыстырмалы сипаттама
климаттық белдеулерге қарай өзгереді. Климаттың өзгерісі та- жасауды білетін боласың.
биғат зонасындағы басқа құрамбөліктердің өзгерісіне әкеледі.
Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әртүрлі таби- Климат
ғат зоналары пайда болады. Зоналардағы ылғалдылықтың мөл-
шерін ылғалдану коэффициенті арқылы есептейміз. Ылғалдану
коэффициенті – ол нақтылы жердің жылдық жауын-шашын Топырақ Өсімдік Жануар
мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы. Сондықтан жер
беті ылғалдылығы артық, қолайлы, тұрақсыз және жеткіліксіз
зоналарға бөлінген.
Ылғалдылығы артық зона (К>)1 – атмосфералық жауын-ша-
шын булану мүмкіндігіне қарағанда мол түседі. Оларға тунд-
ра мен орман тундрасы ландшафтары, қоңыржай, тропиктік,
субэкваторлық және экваторлық белдеулер шегіндегі орман
ландшафтарының көпшілік бөлігі, сонымен қатар көптеген тау-
лы елдердің орманды және жоғары орналасқан биіктік бел-
деулері жатады.
Ылғалдылығы жеткіліксіз зона (К<0,1) – атмосфералық
жауын-шашын булану мүмкіндігіне қарағанда аз түседі, бұл
жерүсті ағысы мен ыза сулардың қалыптасуын қиындатады.
Оларға шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафтары жатады.
Ылғалдылығы тұрақсыз зона (К<1) – жау ын-шашын біркелкі
түспейді, құрғақ маусым (құрғақ дала, саванна ландшафтары,
I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII
1-сурет. Саванна ландшафты және оның климатограммасы
80

