Page 82 -
P. 82

textbooks nis edu kz
            3.4.3 Табиғат зоналарының таралуы




                Біздің ғаламшарымызда экватордан полюстерге қарай ал-
            масып жатқан оннан аса табиғат зонасы бар. Кейбір табиғат             Сен:
            зоналары тек бір географиялық белдеу шегінде (арктикалық шөл)         ✔	 табиғат зоналарын
            ғана кездессе, ал кейбіреулері (дала, шөлейт және шөл, саванна           картадан ажырата алуды;
            зоналары) бірнеше географиялық белдеуде қатар орналасады.             ✔	 биіктік белдеулерді
            Табиғат зоналарының орналасуы сол зонаға тән өсімдік жамыл-              график түрінде көрсетуді
            ғысына сәйкес келеді, тундра, орман, дала зоналары деп аталады.          білетін боласың.
                Арктикалық және антарктикалық мұзды шөлдер екі поляр
            аймағын алып жатыр. Радиациялық баланс поляр түндерінде
            теріс мәнге ие, ауа температурасы тұрақты төмен, жауын-шашын өте аз.
                Тундра зонасы, негізінен, солтүстік жартышардың арктикалық және субарк-
            тикалық белдеулерін бойлай 300–500 км ендікте материктер жағалауын алып
            жатыр. Оңтүстік жартышарда тундра Антарктида жағалауындағы аралдарда
            ғана кездеседі. Климат өте қатал, күшті желдер жиі соғады, қар жамылғысы
            7–9 ай бойы жатады.
                Тайга зонасында климаттық жағдай қоңыржай теңіздік сипаттан шұғыл
                                                                      0
            континенттік сипатқа дейін ауысады. Жаз жылы, 10–20 С, қысқы ауа темпе-
                                                                                      0
                                   ратурасы мұхиттан қашықтаған сайын күрт (–50 С-қа
            3000 м
                                    дейін) төмендейді. Жылдық жауын-шашын да ішкі бө-
            қар,
            мұздық                   лікке өткен сайын 600 мм-ден 200 мм-ге дейін азаяды,
                                      бірақ буланушылық көрсеткіші төмен болады. Сол
                                       себепті батпақты жерлер көп, өзендер мол сулы
            2300 м                      болып келеді.
            альпілік                         Аралас және жалпақжапырақты орман зона-
            шалғын                        лары материктердің теңіз жағалық бөліктеріне
            1900 м                         таяу орналасады. Аралас орман астында шымды
            субаль-                         күлгін, ал жалпақжапырақты орманда сұр-қоңыр
            пілік                             орман топырағы таралған.
            шалғын
                                                   Орманды дала қоңыржай белдеудегі ор-
                                                 ман және дала зонасы арасындағы өтпелі
            1100 м                                 зона болып табылады. Табиғи өсімдіктер
                                                     сипатына қарай орманды дала зонасы
            таулы,
            орманды                                   жалпақжапырақты, қылқанды-ұсақжа-
            дала, шөл    500 м                            және прерийге ажыратылады.
            белдеу
                                                        пырақты орманды дала зоналарына

                                                              Қоңыржай белдеу орманда-
            300 м
                                                            рын орманды дала мен дала

            белдеулері                                        алмастырады. Климат жылы
                                                                әрі қуаңшылық бола бас-
            100 м                                                  тайды. Қара топырақ
                                                                     пен  құба  топырақ
                    Француз Альпісі биіктік белдеу сызбасы


              82
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87