Page 85 -
P. 85
textbooks nis edu kz
3.4.4 Табиғат зоналарын сипаттау
Сен әр тарауда салыстырмалы географиялық әдістерді
қолдандың. Үлкен орографиялық бірліктерді, ұқсас климаттық Сен:
белдеулерді, әртүрлі климаттық аймақтарда ағып жатқан ✔ әр материкте орналасқан
өзендердің гидрологиялық режимін салыстыруға арналған ұқсас табиғат зоналары
мен биіктік белдеулерді
тапсырмалар орындадың. Ендігі кезекте әр материкте ор-
салыстыруды
наласқан ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерді
үйренетін боласың.
салыстыру мақсаты алдыңда тұр.
Солтүстік жартышардағы ұқсас табиғат зоналарының бірі –
дала зонасы. Солтүстік Америка далалар бөлігін прерий (франц.
prairie – шалғын) деп атайды. Прерий Солтүстік Америка аума-
ғында Ұлы жазықты оңтүстікке қарай бойлық бағытта басып
өтеді. Прерий жеткілікті ылғал жағдайында қара топырақта
таралған биік әрі бітік шөптесінді өсімдіктерден тұрады. Оларға
өте қалың болып өсетін биіктігі 1,5 метрге жететін бозшалғын,
бидайық, бизон шөбі және басқа астық тұқымдастар жатады.
Қазіргі кезде мұндағы табиғи өсімдіктің түр құрамы өте күшті
өзгеріске ұшыраған. Топырағы құнарлы болғандықтан бұл зона
түгелге жуық жыртылып, егістіктерге айналған. Осыған ұқсас
ландшафт түрлерін Оңтүстік Америка мен Шығыс Азияның суб- Қазақстан даласы
тропиктік белдеуінің шығыс бөліктерінде кездестіруге болады.
Дала зонасы солтүстік жартышардың қоңыржай белдеуі
мен екі субтропиктік белдеуде орналасқан. Дала зонасын
түгелімен дерлік шөптесін өсімдіктер алып жатыр. Ағаш-
тардың өспеуі ылғалдың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Ағаштар өзен аңғарларының бойында ғана шоғырланған,
оларды галереялы ормандар деп атайды.
Қоңыржай белдеуде өте құнарлы қара және қара қоңыр
топырақтар, ал субтропиктік белдеуде сұр қоңыр, қоңыр
топырақтар таралған.
Жылу мен ылғал мөлшері бидай, қарабидай, қарақұ-
мық, арпа, сұлы, қант қызылшасы мен күнбағыс өсіруге Солтүстік Америка прерийі
мүмкіндік береді. Даланың оңтүстігінде қуаңшылықтар жиі
болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суарылады. Негізгі
жануарлары – қасқыр, қарсақ, түлкі және кемірушілерден
сарышұнақ, дала күзені, дала тышқандары.
Сондықтан да дала зонасы ежелден егіншіліктің басты
ауданы болып саналады. Табиғи ландшафт қатты өзгеріске
ұшыраған. Оңтүстік Америкадағы жанартаулық жыныстар
кең таралған Ла-Плата ойпатында субтропиктік дала зона-
сы – пампа орналасқан. Кестеде прерий мен дала зонасының
ерекшеліктері көрсетілген.
Тапсырма Тақырыптағы дала мен прерийдің салыстырмалы сипатта-
масын талда, картамен жұмыс жаса, қорытынды тұжырымдама ұсын. Ла-Плата ойпатындағы пампа
85

