Page 84 -
P. 84

textbooks nis edu kz
                Нивальды белдеу – мұздықтар мен мәңгі қар бел деуі,
            таудағы ең жоғары зона. Мәңгі қар белдеуінің биіктігі
            6500 м-ге жетеді (Анд және Орталық Азия), Арктика мен
            Антарктидада Дүниежүзілік мұхиттың деңгейіне жеткен соң,
            біртіндеп төмендейді. Белдеуде балдырлар мен қыналар-
            дың кейбір түрлері өседі және құстардың, кемірушілер мен
            жәндіктердің тек кейбір түрлері ғана кездеседі.
                Альпілік шалғындық – бұл ормандар мен қисық ағашты
            ормандар шегінен жоғары, биік таулы белдеу. Тасты сусы-
            малар мұнда бұталармен алмасып отырады.
                Субальпілік шалғын – субальпі шалғыны сирек орман-
            дармен алмасып отыратын зона. Мұнда биік шөптер мен
            аласа бұталар, орман мен жатаған шөптер шалғыны өседі.
                                                                                        Альпілік шалғын
                Таулы-орманды белдеу (қылқанжапырақты, аралас және
            жалпақжапырақты ормандар) – ең ылғалды белдеу, мұнда
            орман ландшафтысы басым болады.
                Шөл дала белдеуі – бұл құрғақ климатты шөл мен дала
            белдеуі.
                Бізге биіктік белдеуді білу табиғатты қорғауда, әртүрлі
            шаруашылық әрекеттерді болжау үшін және тауларда ауыл
            шаруашылығы дақылдарын өсіруге, шалғындар маусымдық
            жайылма ретінде қажет. Биіктеген сайын өсімдіктердің веге-
            тациялық кезеңі қысқарады, сондықтан жылуды аз сүйетін
            дақылдар өсіріледі.







                                                                                     Таулы-орманды белдеу
              Сенің кезегің

              1.  Климаттық белдеулер бойынша табиғат зоналарын жазып шық.
              2.   Климаттық белдеулерде табиғат зоналарының алмасуы қалай
                 байқалады? Оларды қандай белгілермен ажыратасың?
              3.   Бір климаттық белдеуде бірнеше табиғат зоналарының қалыптасу
                 себебі неде? Тақырыптық карталар бойынша нақты мысалдар
                 келтір.
              4.   Таулардағы биіктік белдеудің құрамы неге байланысты?

              5.   Неліктен тауларда зоналардың алмасуы төменнен жоғарыға
                 қарай өзгереді?
              6.   Биіктік белдеуде өсімдіктер қалай өзгереді? Биіктік белдеу сыз-
                 басымен байланыстыр. Бейімделу қасиеті қалай байқалады?
              7.   Биіктік белдеуліктің таралуындағы заңдылықты түсіндір: тау
                 қаншалықты биік болса, табиғат зоналарының жиынтығы да
                 соншалықты көбірек болады.
              8.   Адам қандай табиғат зоналарын кеңінен пайдаланады?
                                                                                        Шөл дала белдеуі



              84
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89