Page 128 -
P. 128

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             5.4.2   Халықаралық географиялық
           халықаралық                             еңбек бөлінісі
           географиялық еңбек
           бөлінісінің мәнін
           анықтауды үйренесің.            Халықаралық еңбек бөлінісі – қоғамдық еңбек бөлінісі
                                       дамуының жоғары сатысы. Ол бір ел шеңберінде ғана емес,
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       негізделеді. Еңбек бөлінісі маманданумен тығыз байланысты.
           ■   бірыңғай өнімдер
             шығару
                                          Дүниежүзі картасын алып қарасаң, мұндағы мемлекеттердің барлығы
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           ■   мамандану
                                       өзара бір тауар өндіруге «келісіп алғандай» көрінеді. Мысалы, Корея – кеме
           ■   жоғары сұраныс          құрастыру, Жапония – робот жасау, ГФР – мәшинежасау, Швейцария – сағат
           ■   тауар бағасының         өндірісі. Белгілі бір аймақтың бір салаға мамандануына бірнеше фактор
             салыстырмалы арзан        әсер етеді. Оны Швейцария елінің мысалында қарастырайық, жоғары са-
             болуы                     палы мамандардың болуы сағат жасайтын станоктарда еңбек өнімділігін
           ■   шоғырлану               көрсетеді; өнімді жасауға қажетті ресурстардың болуы нәтижесінде
                                       сағаттарды жасауға қажетті құралдар қолжетімді; технологиялық жағынан
           ■   әсер ететін факторлар
                                       қамтамасыз етілуі нәтижесінде басқа елдер де сағат өндіруді жолға қойса
                                       да, швейцариялық өніммен бәсекеге түсе алмайды; мамандану себебінен
            Халықаралық еңбек          дайын өнімнің құны салыстырмалы төмен болады. Егер сағат өндірісін
            бөлінісіне не әсер         басқа елде дамытатын болсақ, бұл елде жоғарыда аталған жағдайлардың
            етеді?                     болмауы қосымша шығынды талап етіп, тауардың ақырғы құнын әлдеқайда
                                       қолжетімсіз ететін еді. Алайда халықаралық нарықта Швейцария сағаттары
                                       жоғары сапаға ие болуынан өте қымбат. Яғни, Швейцария елі үшін онша
                                       көп ресурс пен күш жұмсамай-ақ қыруар пайда табуына мүмкіндік бар.
             Халықаралық  еңбек
             бөлінісі (The international   Бұл – маманданудың басты ерекшелігі. Ал географиялық еңбек бөлінісіне
             division of labor) – жеке-  ұлттық және халықаралық деңгейде факторлар әсер етуі мүмкін.
             леген  елдердің  белгілі
             өнімдерді  өндірудегі                                Ұлттық факторлар
             мамандануы.                Табиғи-географиялық               Әлеуметтік-экономикалық
                                        факторлар                         факторлар
             Мамандану – салыстыр-
                                        •  табиғи-ресурстық потенциал     •  жұмыс күшінің ерекшеліктері
             малы түрде тар салалар-
                                        •  аумақ ауданы                   •  дәстүрлі мамандануы
             да, жеке технологиялық
                                        •  халық саны                     •  экономика типі
             операциялар  немесе
                                        •  геосаяси жағдайы               •  үкімет реформалары
             өнім түрлерінің шоғыр-
             лануы.
                                                               Халықаралық факторлар
                                         нарықта сұраныстың        халықаралық            экологиялық
           ЗЕРТТЕ!                              болуы            есептеулер жүйесі         факторлар
           АКТ-ны пайдаланып, Жа-
           пония мен Қытай мемле-      ▲  Халықаралық еңбек бөлінісіне әсер ететін факторлар
           кеттерінің  халықаралық
           деңгейде  маманданған       ПРАКТИКАЛЫҚ
           салаларын анықта. Екі ел-   ТАПСЫРМА
           дің айырмашылығы мен
           ұқсастықтарын көрсететін    •  Оқулық мәтінінде берілген мамандану коэффициенті формуласын пай-
           Венн диаграммасын сыз.         даланып, Қазақстанның тағы қандай облыстары мен аймақтарының
                                          жаздық бидай өсіруге маманданғанын анықта.
                                       •  Бұл облыстардың жаздық бидай өсіруге мамандануына әсер еткен фак-
                                          торларды сызба түрінде көрсет.

           128
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133