Page 136 -
P. 136

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             5.4.5   Дүниежүзілік
           дүниежүзілік                            шаруашылықтың модельдері
           шаруашылықтың
           модельдері мен                          мен аумақтық құрылымы
           аумақтық құрылымын
           талдауды үйренесің.
                                           Дүниежүзілік шаруашылық салалары күрделеніп қана қой-
           салалық құрылымыОБАЛЫҚ НҰСҚА
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               май, оның кеңістіктік құрылымы мен жеке бөлімдері иер-
                                       архиялық тұрғыда өзгерді. Қазіргі әлемнің экономикалық қа-
           ■   шаруашылық              рым-қатынастарда интеграциялануына қарамастан, елдер
             модельдері
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       арасындағы экономикалық айырмашылық айқын байқалады.
           ■   аумақтық құрылым
                                       Осыған байланысты кеңістіктік тұрғыда дүниежүзілік шару-
           ■   өндірістік сала
                                       ашылықтың бірнеше моделі пайда болды. «Шаруашылық мо-
           ■   өндірістік емес сала
                                       делі» ұғымын белгілі бір елдердің немесе аймақтардың бір
           ■   өңдеуші сала
                                       не бірнеше шаруашылық саласына мамандануы барысында
           ■   өндіруші сала
                                       ҒТР жемістерін пайдалану арқылы экономиканың біртұтас
           ■   екі полюсті модель
                                       жүйесін қалыптастыруы деп түсінуге болады. Осы теорияға
           ■   үш полюсті модель
                                       байланысты, барлық мемлекеттерді екі үлкен топқа бөлуге
           ■   көп полюсті модель
                                       болады: экономикалық дамыған және дамушы. Бөлініс экватор
                                       бойымен өтеді: солтүстік – динамикалық, бай; оңтүстік – артта
            Дүниежүзілік               қалған, кедей (екі полюсті модель, 1-сурет).
            шаруашылықтың                  Бірақ әлемдегі қазіргі кездегі жағдай Оңтүстік жартышар-
            қандай модельдері
            бар?                       дың көптеген елдерінің экономикалық өрлеудің жаңа дең-
                                       гейіне енуіне апарып соқтырды. Сондықтан елдерді бұлай
                                       бөлу заңдылығының маңыздылығы азайды. Дамушы елдерде
           Өндіріс диверсификаця-      өндіруші өнеркәсіппен қоса өңдеуші өнеркәсіп орталықтары
           сы – мемлекеттің бұрын      ашыла бастады. Әлем картасында «Азия айдаһарлары», «Жаңа
           арнайы маманданған са-
           лалардың басқа өндіріс      индустриялы елдер», «БРИКС» секілді дамушы елдер топтары
           салаларына көшуімен бай-    пайда болды.
           ланысты капитал шоғырла-
           нуының формасы.

           •  Көлік және байланыс Ж
           Дүниежүзілік
           шаруашылықтың

           Өндірістік салалар:
           •  Өнеркәсіп

           •  Құрылыс
           •  Ауыл шаруашылығы
           Өндірістік емес салалар:        бай Солтүстік
           •  Тұтынушылық  және            кедей Онтүстік
              іскерлік қызмет көрсету
           •  Мәдени,  білім  беру,                                ▲  1-сурет. Дүниежүзілік шаруашылықтың
              денсаулық сақтау                                        екі полюсті моделінің картасы

           136
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141