Page 138 -
P. 138

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             5.4.6   Дүниежүзілік
           дүниежүзілік                            шаруашылықтың даму
           шаруашылықтың даму
           үрдістерін талдауды                     үрдістері
           үйренесің.

                                           Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдісі халықаралық-
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               экономикалық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты.
                                       Әлемдік экономика қалыптасқанға дейін туындаған халықара-
           ■   дүниежүзілік            лық-экономикалық қатынастар оны қалыптастыру үдерісінде
             шаруашылықтың даму
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
             тарихы                    маңызды рөл атқарды. Біртіндеп халықаралық-экономикалық
           ■   феодализм               қатынастар дүниежүзілік экономиканың ажырамас бөлігіне
                                       айнала отырып, оның әсерінен дүниежүзілік шаруашылық
           ■   капитализм
                                       жеткілікті тәуелсіз және интегралды экономикалық жүйе ретін-
           ■   отар елдер
                                       де қалыптасты.  Тарихи тұрғыдан тауарлардың халықаралық
           ■   еңбек миграциясы
                                       саудасы халық шаруашылығын интернационализациялаудың
                                       бірінші қадамы болды. Халықаралық сауда тарихы өте ұзақ.
            Дүниежүзілік
            шаруашылық осы             Рим империясының кезінде заңдастырылған халықаралық
            күнге дейін қалай          сауда-саттықтың пайда болғандығы белгілі. Феодализм кезін-
            дамыды?                    де ол одан әрі дами түсті. Бірақ капитализмге дейінгі уақыт-
                                       та əлеуметтік-экономикалық жүйелердің әлі дамымауына
                                       байланысты, халықаралық алмасуға өндірілген тауарлардың
                                       (қымбат маталар, зергерлік бұйымдар, дәмдеуіштер, мине-
                                       ралды шикізаттың кейбір түрлері) азғана бөлігі ғана ие болды.
                                       Феодализмнің құлдырап, капиталистік қатынастардың пайда
                                       болуы натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа
                                       көшуге маңызды әсер етті.


                                          Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының бірінші кезеңі (ХVI-ХIХ ғғ.)
                                       көбінесе  отар  елдерден  келген  тауарлардың  халықаралық  саудаға
                                       шығуымен белгілі. Басты тауар түрлері ретінде Америка үндістерінен то-
           ▲  1-сурет. Дәмдеуіштер     налған алтын, Қытайдың жібек маталары, Үнді шайы мен Оңтүстік-Шығыс
                                       Азияның дәмдеуіштерін атауға болады (1-сурет). Олар сол кезеңнің валю-
                                       тасына айналды. 1 г қара бұрыш 1 г алтынға еркін айырбасталды.
                                          Әлемдік шаруашылық дамуының екінші кезеңі (1870–1913 жж.) ішкі
                                       нарықта өндірілген тауарлардың экспортталуымен белгілі. Әрине, бұл
                                       кезеңде экспортталған тауарлар одан кейінгі 50 жылдан соң орын алған
                                       «экспорттық науқаннан» әлдеқайда төмен болса да, дәл осы кезеңде қазіргі
                                       Еуропаның дамыған мемлекеттерінің өнеркәсібінің негізі қаланды. Сауда-
                                       дағы әлсіз интеграция басқа үрдістермен толықтырылып отырды. Мысалы,
                                       бұл кезеңде халықаралық еңбек нарығы дами түсті. 1870–1913 жылдар
                                       аралығында Еуропадан шамамен 36 млн адам көшіп кетті, соның ішінде
                                       2/3-сі АҚШ-қа миграция жасады (2-сурет). Ал Азияда қытайлық және үн-
                                       дістандық мигранттардың саны еуропалықтардан да көп болды. Миграция
           ▲  2-сурет. Еуропалық       нәтижесінде жаңа жерлерде жұмыс күштері молайып, бұл аудандардың
              эмигранттардың АҚШ-      шаруашылығының дамуына қажетті еңбек ресурстарының қалыптасуына
              қа алғаш аяқ басуы       әкелді. Сонымен қатар шетелдік капитал өсімі де байқалды. 1914 жылға

           138
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143