Page 137 -
P. 137

Жоғарыдағы модельге ұқсас, әлемдік экономиканың үш                     Бірінші  топ  (Орта-
           полюсті моделі бар. Мұнда екі полюсті модельді біршама                  лық) – солтүстіктің 25 мем-
                                                                                   лекеті, олар экономикасы
           жетілдіріп, өтпелі экономикасы бар елдер тобын қосып
                                                                                   дамыған елдер. Дәстүрлі
           қарастырады (2-сурет).                                                  түрде  бұл  Еуропа,  АҚШ,
                                                                                   Жапония елдерін қамтиды.
                                                                                   Бұл заманауи ғылымның,
                                                                                   технологияның,  ғылы-
              2-сурет. Дүниежүзілік шаруашылықтың үш полюсті моделінің  картасыҰСҚА
                                                                                   ми-техникалық  револю-
                                                                                   цияның «үштігі».
                                                                                      Екінші топ (Жартылай
                                                                                   периферия)  –  оңтүстік-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                                                                   те қарқынды дамып келе
                                                                                   жатқан елдер («жаңа ин-
                                                                                   дустриялы  елдер»  «Азия
                                                                                   айдаһарлары»,  «мұнай
                                                                                   экспорттаушылар»). Әсіре-
                      ЖОБАЛЫҚ Н
                                                                                   елдердің  шаруашылық
                                                                                   моделі  көмірсутек  шикі-
           ▲   Орталық               Жартылай периферия               Периферия    се,  мұнай  экспорттаушы
                                                                                   затына негізделіп, Парсы
                                                                                   шығанағы  қазіргі  кезде
                                                                                   мұнай химиясы орталығы-
           СУРЕТПЕН ЖҰМЫС                                                          на айналды. Соның нәти-
           •  Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта өндірістік емес салалардың әлемдік   жесінде  Катар,  Кувейт,
              ЖІӨ-нің 2/3 бөлігін құрауының себептерін ата.                        Бруней,  Сауд  Арабиясы-
           •  Не себептен «екі полюсті» модельдің өзектілігі жоғалып отыр?         ның жан басына шаққан-
           •  2-сурет бойынша «орталық» және «жартылай перифериялық» елдерге       дағы ЖІӨ өте жоғары көр-
              кіретін елдерді дәптеріңе кесте сызып алып толтыр. Бұл елдердің ша-  сеткіштерге ие болды (ЖІӨ
              руашылығы туралы не айта аласың?                                     тақырыбын есіңе түсір).
                                                                                      Үшінші топ (Перифе-
               Дүниежүзі елдерін шаруашылық модельдеріне орай топ-                 рия) – артта қалған кедей
           тастыру бойынша ең соңғы сатысы – «көп полюсті модель».                 мемлекеттер.  Бұл  Аме-
                                                                                   риканың,  Азияның  және
           Нақтырақ айтсақ, қазіргі әлем экономикасының 82%-ын 10
                                                                                   Африканың әлі де аграр-
           полюс құрайды. Бұл елдерде шаруашылықтың мамандануы                     лы саласы басым немесе
           айқын байқалады, елдер халықаралық географиялық еңбек                   индустриялы экономика-
           бөлінісінде де өз үлесін алып отыр. Кейбір елдер бұрыннан               ның дамуының бастапқы
           дамыған орталықтар болса, кейбірі ХХ ғасырдың соңында                   сатысы басым болып ке-
                                                                                   летін елдері. Ол елдерге
           ғана «технологиялық жарылыс» (АСЕАН), «мұнай жарылысы»
                                                                                   тұтастай  алғанда  ғылы-
           (Парсы шығанағы елдері) секілді өндірістік төңкерістерден               ми-техникалық  револю-
           кейін дами түсті.                                                       ция (ҒТР) жемістері әлі де
                                                                                   тиімсіз әсер етеді. Мұндай
                                                                                   елдер саны 100-ден асып
             БІЛІМІҢДІ ШЫҢДА
                                                                                   түседі. Соның ішінде 48 ел
             1.  Перифериялы елдердің көбісінің Африкада орналасуының себебін
                                                                                   мейлінше «мешеу елдер»
                 түсіндір.
                                                                                   қатарына жатады.
             2.  1-кестедегі елдер мен аймақтардың басты мамандану салаларын
                 көрсететін кесте сыз.
             3.  Қазақстанның шаруашылық даму моделі туралы не айтуға болады?
                 Ойыңды нақты фактілермен жеткіз.


                                                                                                        137
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142